• Иран мен Ресей арасында топтық виза жойылады

Иран СІМ-нің консулдық істер департаментінің басшысы Әли Чегини Иран мен Ресей арасында топтық туристік визаны алып тастау туралы меморандумды орындау нұсқаулығы және әуе компания қызметкерлері мен экипаж мүшелеріне виза беруді жеңілдету туралы құжаттың қорытындыланғанын хабарлады.

Әли Чегини Мәскеуде Иран мен Ресейдің алтыншы консулдық отырысына қатысқанынан кейін жасаған мәлімдемесінде екі елдің қарым-қатынасты одан ары арттырып, бір-бірінің азаматтарына виза беруде барынша жеңілдік жасауы қажеттігінің қуатталғанын айтты.

Иран СІМ-нің консулдық істер департаменті басшысының айтуынша, Мәскеу отырысында Иран мен Ресей кәсіпкерлері, студенттері мен туристерінің ұшырайтын қиыншылықтары мен мәселелері талқыланып, оларға көбірек қызмет көрсету туралы келісім жасалды.

Ресей делегациясының басшысы Иван Волынкин де Иран мен Ресейдің қол жеткізген жетістіктеріне ризалық білдіріп, Мәскеу консулдық отырысын өзара қарым-қатынасты одан ары кеңейтуге және екі ел басшыларының қазіргі стратегиялық байланысты дамыту үшін белгілеген мақсаттарын орындауға бағытталған маңызды қадам деп атады.

 

Тегтер

Oct 16, 2018 23:32 Asia/Almaty
Сараптама