Ислам революциясының жетекшісі АҚШ құдіретінің әлсірегенінің әлемдегі беделді адамдардың бірауыздан мойындап отырған шындыққа айналғанын айтып, Иран халқының өз жастарының құлшынысы, рухы, еңбегі мен талпыныстарының арқасында қазіргіден әлдеқайда жарқын болашаққа ие болатынын қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні «13 абан – Үстемшілдікпен күрес» атты ұлттық күн қарсаңында мыңдаған оқушылар және студенттермен кездесуінде «Үлкен шайтанның» Иранға қарсы соңғы 40 жылдағы қастандықтарын жүзеге асыруда жеңіліс тапқанына тоқталып: "АҚШ-тың «тыңшылық үйі» – елшілігін студенттердің басып алуы Иран халқының АҚШ-қа жасаған ауыр соққысы болды",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі әлемдегі көптеген беделді саясаткерлер мен қоғамтанушылардың АҚШ-тың "жұмсақ құдіретінің" әлсіреп, жойылғанын мойындағанына тоқталып: "АҚШ-тың "жұмсақ құдіреті", яғни  басқа елдерді өз пікірін қабылдауға көндіруі ең әлсіз жағдайда тұр. АҚШ-тың қазіргі Президенті билік басына келгеннен бері халықтар ғана емес, Еуропа, Қытай, Ресей, Үндістан, Африка мен Латын Америка елдері АҚШ-тың шешімдеріне ашық түрде қарсылық білдіріп отыр",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи аймақ елдерінің назарын АҚШ-тың әлсірегеніне аударып: "АҚШ-тың қолдауымен Палестина мәселесін мүлде ұмытуға дайын адамдар АҚШ-тың тіпті өз аймағында да әлсіреп бара жатқанын көріп, осы аймақтың халықтары мен олардың шындықтарының әлі де тірі әрі берік екенін түсінуі керек",-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың өткен 40 жылдың ішінде экономикалық соғыс пен санкция қолданудағы мақсатын Иранды әлсіретіп, артта қалдыру екенін айтып: "Экономикалық соғыстағы шындық АҚШ-тың көздегеніне қайшы шықты, өйткені Иранда ішкі өндірісті дамытып, өзін-өзі қамтамасыз ету ісі жылдамдатылды. Бүгінде университет бітірген зияткер жастардан тұратын жүздеген белсенді топ маңызды жұмыспен айналысып жатыр",-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының АҚШ-қа қарсылығы мен дұшпандығының қашанға дейін жалғасатыны туралы сұраққа жауабында: "АҚШ өзінің үстемдік жүргізуін қойып, Иранмен басқа елдер сияқты әріптестік жасаған кезде жауластық тоқтатылады. Алайда, бұл мүмкін емес, өйткені, үстемшілдің болмысы – экспансия мен басқыншылық",-деді. Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, бүгінде АҚШ-тың ИИР шешімдеріне еш араласа алмайтынын және мұның сол елдің жеңілгенін білдіретінін қуаттады.

 

Nov 04, 2018 00:12 Asia/Almaty
Сараптама