Ирандық зілтемірші Сохраб Моради екі жыл қатарынан рекорд жасап, зілтемір көтеруден әлем бойынша жеңімпаз атанды.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ирандық зілтемірші Сохраб Моради сәрсенбі күні Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында зілтемір көтеруден әлем чемпионатының 96 кг салмақтағы шеберлерінің сайысында жұлқа тартудан 186 кг, серпе тартудан 230 кг көтеріп, жалпы есепте 416 кг жинап, алтын жүлдеге ие болды. Осы жеңісі Морадиді екі жыл қатарынан әлем чемпионы атандырды.

Сохраб Моради бұл чемпионатта жұлқа тартуда 1 кг, серпе тартуда 5 кг артық көтеріп, жалпы әлемдік рекордты 15 кг салмаққа арттырды.

 

Тегтер

Nov 08, 2018 19:29 Asia/Almaty
Сараптама