• Трамп АҚШ-тың Бас прокурорын мәжбүрлі түрде қызметтен кетірді

АҚШ-тың Өкілдер палатасындағы демократ конгрессмендердің жетекшісі АҚШ Бас прокуроры Джефф Сешнздің қызметтен босатылуын Дональд Трамптың Ресейдің тексерісін әлсіретіп, оны доғару үшін жасап жатқан ашық талпынысы деп атады.

АҚШ‑тың Өкілдер палатасындағы демократ конгрессмендердің жетекшісі Нэнси Пелоси сәрсенбі күні осы елдің Бас прокуроры Джефф Сешнз мәжбүрлі түрде оставкаға кетірілгеннен кейін: «АҚШ Бас прокуратурасындағы Мэтью Уитакер өзін Ресейдің тексерісінен құтқаруы керек. АҚШ-тың Әділет министрі Джефф Сешнздің отставкасы тергеуші Мюллердің тексерісін тоқтатудың бастамасы болса, жуырда бұл конституциялық дағдарыстың туындауына соқтыруы мүмкін»,‑деді.

Джефф Сешнз сәрсенбі күні Дональд Трамптың өтінішімен АҚШ‑тың Бас прокуроры қызметінен кеткенін айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп осыдан бұрын Сешнздің Ресейдің АҚШ‑тағы сайлауға араласқаны туралы істі тексеруден бас тартқанына наразылық білдіріп:  «Оның бұл істен бас тартатынын білгенімде ешқашан оны АҚШ‑тың Бас прокуроры қызметіне тағайындамас едім»,‑деген болатын.

 

Тегтер

Nov 08, 2018 21:06 Asia/Almaty
Сараптама