• Ресей мен Қазақстан әскери салада ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері Нұрлан Ермекбаев пен Сергей Шойгу Астанадағы Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) саммиті аясында екі елдің әскери саладағы үшжылдық стратегиялық қарым-қатынастар бағдарламасына қол қойды.

 

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, 2019-2021-ші жылдарға арналған бұл бағдарламалар екі елдің әскери қызметкерлеріне білім беру, ортақ жаттығулар өткізу және көрмелерге қатысу бойынша серіктестіктерді қарастырады.

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері отырыста аймақ пен әлем мәселелері, соның ішінде Ауғанстан мен Таяу Шығыс жағдайы туралы пікір алмасты.

 

Тегтер

Nov 09, 2018 16:28 Asia/Almaty
Сараптама