• Иран АҚШ-тың үстінен Халықаралық теңіз ұйымына шағым түсірді

Британиядағы Иран елшілігі Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысына АҚШ-тың үстінен біржақты санкцияларына қатысты шағым түсіріп жолдаған хатында санкциялардың салдарларын зерттеуді сұрады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Британиядағы Иран елшісі Хамид Баидинежад бейсенбі күні Твиттердегі парақшасында: «Иран елшілігі Лондондағы Халықаралық Теңіз ұйымының Бас хатшысына жолдаған хатында теңізде жүзуге қатысты халықаралық келісімдерді бұзу саналатын АҚШ-тың Иранның кемелеріне салған біржақты санкцияларын айыптап, бұл мәселені Халықаралық теңіз ұйымының кеңесінде зерттеуді сұрады»,- деп жазды.

Баидинежад бұдан бұрын Инстаграмдағы парақшасында да: «Энергетика саласындағы халықаралық ұйымдар Иранның мұнай экспортын жаңа санкциялар кезінде күніне бір миллион баррель болады деген болжам жасаған болатын. Бірақ мұнайды 8 ел сатып алатын жағдайда Иран 1 миллион 850 мың баррель мұнай экспорттап жатыр»,- деп жазған болатын.  

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Nov 09, 2018 20:20 Asia/Almaty
Сараптама