• Иран – тәуелсіз ел

АҚШ Мемлекеттік хатшысы сейсенбі күні Иранға қарсы санкциялардың екінші кезеңі іске асырылған соң айтқан сөзінде санкциялардың мақсатын Иранмен келіссөз жүргізу емес, бұл елдің аймақтағы қатынасын өзгерту деп атады.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бейсенбі күні ВВС-ге берген сұхбатында «АҚШ-тың санкциялары Иран халқын нысанаға алмайды» деген жалған сөздерін қайталап: «АҚШ қысым көрсету арқылы Иранның аймақтағы тұрақсыздық тудырудағы ықпалын, Еуропадағы лаңкестік пен Ливан Хизболласын қолдауын тоқтатуды көздеп отыр»,- деген уәж айтты.

Иранның аймақ деңгейіндегі ықпалды құзыры америкалық басшылардың көзіне тікендей қадалып, америкалықтардың Иран мен аймақтағы ирандық ықпалды қайраткерлерге қарсы негізсіз сөз айтуына себеп болды. АҚШ кез келген жол арқылы Иранның аймақтағы сындарлы ықпалын азайтып, қатынасын өзгерткісі келеді. Бірақ, Иран тәуелсіз және өзінің сыртқы саясатын ілгерілету әлеуетіне ие мемлекет болғандықтан оларға бағынбайды.  Иранның күш-құдыретінің факторлары жергілікті әрі халықтың қолдауына ие. Дәл осы мәселе Иранның белсенді әрі тәуелсіз ойыншы болып, өзінің стратегиялық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігінің бөгделерге  тәуелді болмауына  себеп болды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иран лаңкестікті қолдайды деген негізсіз уәждері, Иранның Батыс Азия аймағындағы бүлдіргі рөлі, Иранға қарсы Дания үкіметінің уәждерін қолдауы АҚШ-тың аймақтағы саясаттарының сәтсіздікке ұшырауымен байланысты. Сауд Арабиясы мемлекет болып қалуы үшін Американың саяси және әскери қолдауына қарыздар болғандықтан Вашингтонның сол елді «сауу саясатын» жүргізуі Сауд режимін кемсітіп, қорлап отырғанын көрсетеді.

Халықаралық айғақтар мен деректерге сәйкес, Сауд Арабиясы – аймақ пен әлемдегі лаңкестіктің ошағы. АҚШ Сауд Арабиясына бөлген рөлі бойынша өзінің сыртқы саясатын шетелдердегі лаңкестіктің қолдаушыларының мүддесіне қарай өзгертеді. Америкалық The Boston Globe газеті Вашингтонның лаңкестікке қатысты екіжүзді саясатын сынап: «Әлемдік лаңкестік туралы барлық зерттеулер әл-Қаида, Талибан, ДАИШ және басқа да лаңкестік топтадры қолдауға қажет қаржының көбін Сауд Арабиясы қамтамасыз етіп отырғанын көрсетті»,- деп жазды. Бұл газет АҚШ пен оның кейбір батыс-араб одақтастарынның Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптауына тоқталып: «Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптауына Иранның АҚШ-тың билігімен қарсыласуы себеп болы отыр»,- деп жазді.

Әлемнің түкпір-түкпірі бұл шындықтан хабардар болып, Помпео сияқты адамдардың Ираннан үркіту жобасын қолдамайды. Бүгін АҚШ пен Сауд Арабиясының аймақтағы қазіргі саясаттарының  Палестина мен Йемендегі жазықсыз адамдардың өмірі үшін қажет қауіпсіздікке қоқан-лоққы жасау екендігі баршаға аян.

 

 

Тегтер

Nov 09, 2018 21:18 Asia/Almaty
Сараптама