• Халықаралық қауымдастық АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруы керек

БҰҰ-дағы ИИР-ның тұрақты өкілі Хошру АҚШ-тың біржақты саясаттары мен заңсыз әрекеттерінің заңға, БҰҰ-ның жарғысы мен көпжақтылық принципіне қайшы келетінін айтып, халықаралық қауымдастықтың АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұруы қажеттігін қуаттады.

Ғоламали Хошру БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің "Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік" тақырыбына арналған отырысында АҚШ-тың өзімшіл саясаттары мен біржақты әрекеттерінің халықаралық ынтымақтастық пен көпжақтылық негіздерін қатерге ұшыратқанын баяндап, АҚШ-тың бұл әрекетімен Вашингтон Адам құқықтары жөніндегі кеңестен, ЮНЕСКО ұйымынан, Париж келісімі мен "Ортақ қадам" бағдарламасынан шыққанын айтты.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі АҚШ-тың "Ортақ қадамнан" шығуы мен біржақты санкцияларды қайта күшіне енгізуін Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу деп атап: "БҰҰ-ның тарихында алғаш рет АҚШ тұрақты мүше әрі вето құқығына ие ел ретінде әлемнің басқа халықтарын Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзғаны үшін емес, оған бағынғаны үшін жазалап отыр.

Бұл БҰҰ жарғысы мен халықаралық қатынастарға төнген шынайы қауіп. Сондықтан оған тез арада халықаралық деңгейде және шынайы түрде жауап қайтару қажет",- деді.

 

 

Тегтер

Nov 10, 2018 14:49 Asia/Almaty
Сараптама