Иран Армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Хоссейн Ханзади Үнді мұхиты жағалауындағы елдер саммитының (IONS) оныншы мерейтойына қатысу үшін делегацияны бастап, Үндістанның астанасы Нью-Делиге сапар шекті.

Үнді мұхиты – әлемдегі өте маңызды аймақтардың бірі. Сол себепті оның қауіпсіздігін сақтау өзекті мәселе.

Үнді мұхиты жағалауындағы елдердің саммиты да осы және ұжымдық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін аймақ елдерінің серіктестіктерін арттыру мақсатында өтеді.

Үнді мұхитының солтүстік жағалауындағы елдердің саммиты тұрақты 23, бақылаушы 3 мүшеге ие. ИИР Армиясының Теңіз күштері 2016 жылдан бері Үнді мұхиты маңындағы елдер саммитының кезеңдік төрағасы міндетін атқарып отыр.  

Үнді мұхиты теңіз күштері қолбасшыларының саммитын өткізудегі келесі маңызды мақсаттарға осы аймақ жағалауындағы елдердің теңіз саласындағы серіктестіктерін арттыру, түйткілдермен, әсіресе теңіз қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатысты мәселелермен күресу үшін барлық әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалану жатады.

Бүгінде әлемдік сауданың 90 пайыздан астамы теңіздер арқылы жүзеге асады. Үнді мұхитының осы саудадағы үлесі әлемдік сауданың үштен бірін құрайды.

2007 жылы теңіз қарақшылары мәселесі басталғаннан бері осы аймақ суларының қауіпсіздігі мұхит жағалауы елдерінің назарына алынды.  

2008 жылы Үнді теңіз күштері аймақ елдерінен аймақ теңіз күштерінің қауіпсіздігі туралы саммитке қатысуды сұрады. ИИР Армиясының теңіз күштері бұл бағытта алдыңғы қатардан көрініп, Үнді мұхитының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында аймақ пен халықаралық суларға флотилия аттандырып, өзінің рөлін жақсы орындады.

Стратегиялық мәселелер бойынша сарапшы Д.Хосейни былай деді: «Стратегиялық тұрғыдан Иран мен Үндістан географиялық үш ауданда тоқайласады: біріншісі, оңтүстік Азияда, әсіресе, Ауғанстанда бейбітшіліктің келешегіне байланысты; екіншісі, Азияны біріктіруде көзжұмбайлық танытуға болмайтын стратегиялық бағытқа айналған орталық Азияда; үшіншісі, әлемнің теңіз саудасының үштен екісінен артығын құрайтын Үнді мұхиты мен оның жағалауларында. Мұхиттар мен азат және халықаралық сулардағы құзыр – ұжымдық қауіпсіздікті сақтаудың факторы.

Осы аяда Иран теңіз флотилиясы Үнді мұхитының солтүстігіндегі әлемнің экономикалық төрт бағытында күшті құзырға ие.

Бүгінге дейін 52 флотилия аттандырды. Бұл құзырдың теңіз саудасы қауіпсіздігін күшейтуде үлкен әсері болды.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі әрі Бүкіл күштердің қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи Армия теңіз күштерінің күні – азар айының жетісі күнгі армия теңіз күштерінің қолбасшылары және басшыларымен кездесуде сөйлеген сөзінде теңіз күштерінің Макран, Оман теңізі мен азат сулар сияқты маңызды аймақтарды қамтитын жерлерде елді қорғауда алдыңғы шептен көрініп отырғанын баса айтып, азат сулардағы құзырдың бұрынғыдай жалғасуы керектігін қуаттады.

Иран теңіз күштерінің іс-сапарларының жалғастығы мен әлеуеттері – ұжымдық қауіпсіздікті сақтаудағы ИИР-ның мықты ел екендігінің белгісі әрі осы әлеуетін теңіз қауіпсіздігін сақтау бағытында да қолданып отырғанын көрсетеді.

Осы көзқарас бойынша Иран теңіз күштері қолбасшысының Нью-Делидегі саммитке қатысуын Үнді мұхиты жағалауындағы елдер арасындағы ұжымдық қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттыру аясында бағалау керек.

 

Nov 12, 2018 18:36 Asia/Almaty
Сараптама