• Саудиялықтардың Иранға қарсы құны миллиард долларлық қастандық жоспары әшкере болды

The New York басылымы Сауд Арабиясы тақ мұрагеріне жақын Барлау ұйымы басшыларының Иранда бүлдіргі әрекеттер жасап, бұл ел басшыларына террор жасауға бағытталған құны миллиард долларлық қастандықты жоспарлағанын әшкере етті.

Америкалық басылымның хабардар үш лауазымды тұлғаның сөзіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, өткен айда Хашоғджидің өліміне байланысты қызметінен босатылған Йемен соғысындағы саудиялық коалицияның бұрынғы баспасөз өкілі генерал Ахмад Асири 2017 жылы наурыз айында Ақ үйге жақын ливандық-америкалық кәсіпкер Джордж Надер және Израиль барлау ұйымының қызметкері Джоэль Замельдің қатысуымен өткен отырыста Иран экономикасына нұқсан келтіру және ирандық лауазымды тұлғаларға террор жасау жөніндегі құны 2 миллиард долларды құрайтын жоспардың егжей-тегжейін америкалық және израильдік тараптармен талқыға салған.

The New York газеті өз мақаласында: "Генерал Асири отырыста жоғарыда аталған жоспардың маңызды екеніне тоқталып, оны жүзеге асыру Трамп үкіметінің растауына байланысты саналатынын мәлімдеді", - деп жазды.

 

 

Тегтер

Nov 12, 2018 22:36 Asia/Almaty
Сараптама