• Қырғызстанда Иранның Сауда үйі ашылды

Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында екі елдің қайраткерлерінің қатысуымен Иранның Сауда үйі ашылды.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қырғызстанның астанасы Бішкекте Иранның өнеркәсіп және технология өнімдерінің тұрақты көрмесі ғимаратында өткен Иранның Сауда үйін ашу салтанатына екі елдің қайраткерлерімен қоса Иранның іргелі ғылымға негізделген 30 компаниясының басшылары мен 100-ден астам қырғыз кәсіпкерлері қатысты.

Қырғызстандағы Иранның Сауда үйінде осы елдің 50 іргелі ғылымға негізделген компаниясы мен тағы басқа 30 компаниясының өнімдері Қырғызстан мен оған көршілес елдердің экономикалық белсенділері мен кәсіпкерлерінің назарына ұсынылады.

Бішкектегі Иранның өнеркәсіп және технология өнімдерінің тұрақты көрмесіне егін және мал шаруашылығы, медицина мен гигиена, тау-кен және өнеркәсіп машиналары, текстиль, тамақ, полимер мен пластмасса, құрылыс және электроника сияқты 9 түрлі саланың өнімдері қойылды.  

 

Тегтер

Nov 15, 2018 17:38 Asia/Almaty
Сараптама