• Зангане: АҚШ өкілінің ОПЕК отырысы аясындағы кездесуі – ішкі іске араласушылық

ИИР Мұнай министрі Зангане АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілінің Венада ОПЕК мүшелерімен кездесуін кәсіби тұрғыдан бұрыс, ішкі іске араласушы сипаттағы іс деп атады.

ИИР Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сәрсенбі күні кешке Аустрияның астанасы Венада ОПЕК-тің 175-ші отырысы қарсаңында: «ОПЕК – АҚШ-тың Энергетика министрлігінің бір бөлігі емес. АҚШ-тың Иран істері жөніндегі арнайы өкілі Брайан Хуктың Венада ОПЕК-ке мүше кейбір елдердің өкілдерімен кездесуі ішкі іске араласу мақсатында жасалып отыр.   

Брайан Хук АҚШ-ты ОПЕК-ке қосу туралы өтінішпен Венаға барды. Осы мақсатта ОПЕК мүшелерімен кездеседі. ОПЕК – Вашингтоннан бұйрық алатындай АҚШ-тың Энергетика министрлігінің бір бөлігі емес, тәуелсіз ұйым»,-деді.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) 175-ші отырысы бейсенбі күні Аустрияның астанасы Венада өтеді.

 

Тегтер

Dec 06, 2018 15:32 Asia/Almaty
Сараптама