• Еуразия Иранмен еркін сауда аймағын құру туралы келісімді бекітті

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер басшыларының саммиты Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп, онда Иранмен еркін сауда аймағын құру туралы келісім бекітілді.

IRNA ақпарат агенттігінің ресейлік ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Еуразия экономикалық одағына мүше елдер басшылары бірқатар құжатқа қол қойды. Солардың арасында осы одақ пен оған мүше елдер және ИИР арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімді орындау құжаты да бар.

2018 жылдың 17 мамырында Қазақстанның Астана қаласында Еуразия экономикалық одағы мен Иран арасында еркін сауда аймағын құру туралы уақытша келісімге қол қойылған болатын.  

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер басшыларының саммиты РФ Президенті Владимир Путиннің басқаруымен бейсенбі күні Санкт-Петербургте өтті. Саммитке Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан басшылары мен Арменияның Премьер-министрі қатысты.

 

Тегтер

Dec 07, 2018 20:33 Asia/Almaty
Сараптама