• Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі ICT саласында қуатты аймақ құру қажеттігін баса айтты

ИИР-ның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі ақпараттық-коомуникативтік технология (ICT) саласында қуатты аймақ құру қажеттігін баса айтты.

Bakutel – 2018 халықаралық көрмесіне қатысу үшін Баку қаласына сапармен барған Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммад Джавад Азари Джахроми сәрсенбі күні кешке Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркия байланыс министрлерінің желтоқсанның төрті күні өткізген төртжақты отырысында бұл елдерді ақпараттық-байланыстық технология саласы бойынша қуатты аймаққа айналдыру туралы шешім қабылданғанын айтты.

Иранның байланыс министрі  Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркия жастарының белсенді қатысуымен бірлескен аймақтық орталық құру мәселесіне тоқталып, жастар арасында ICT саласы бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасу мақсатында оларға тиісті білім берілетінін баяндап: "Бакуде өткен байланыс және ақпараттық технолгия министрлерінің төртжақты отырысында жастардың ақыл-ой қабілеттерін пайдалану арқылы халықтың дәулетін арттырып, оның қоғамдағы айналымын жақсарту мақсатында жоғарыда аталған әрбір төрт елдің 500 000 доллар көлемінде инвестиция салуы арқылы жастардың жаңа технологиялар саласында ақпарат пен тәжірибе алмасу мақсатында арнайы орталық құруға қатысты келісімге келдік",- деді.

 

 

Тегтер

Dec 07, 2018 20:56 Asia/Almaty
Сараптама