• АҚШ Конгресінің мұсылман мүшесі: Трамп – нәсілшіл

АҚШ-тың Өкілдер палатасының жаңа мұсылман мүшесі президенттерін нәсілшіл деп атады.

6 қарашада кезеңаралық парламенттік сайлауда Мичиган штатынан АҚШ-тың Өкілдер палатасына жол тартқан мұсылман әйел Рашида Талиб Hill телеарнасына берген сұхбатында: «Дональд Трамптың сөзінен оның нәсілшіл саясатын көріп отырмыз. Ол Президент ретінде осыған қатысты жауап беруі тиіс.

Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында жариялайтын жолдауларымен АҚШ-тың саясаткерлері мен жалпы халқын шатастырып отыр»,-деді.

АҚШ халқы мен саясаткерлері Трампты нәсілшіл сипаттағы сөздері үшін талай рет сынады.

 

Тегтер

Dec 07, 2018 21:02 Asia/Almaty
Сараптама