Dec 11, 2018 15:29 Asia/Almaty
  • Ресей студенттері Иранның қазіргі дәуір әдебиетімен танысады

Иранның қазіргі дәуір әдебиеті туралы білім арттыру курсы ИИР мәдени елшілігінің қатысуы және гуманитарлық ғылымдар мен мәдениетті зерттеу орталығының ынтымақтастығымен Мәскеудегі Шетел әдебиеті кітапханасында өз жұмысын бастады.

IRNA ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауы бойынша, бұл күрсты өткізудің мақсаты ресейлік исламтанушылар мен ирантанушылардың жаңа буынын Иранның қазіргі дәуір әдебиеті және оның рухани-ахлақи тұрғыларымен, сондай-ақ, Иран Ислам революциясының елдің заманауи әдебиетіне тигізген әсерімен таныстыруды көздейді.

Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи дүйсенбі күні курстың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Ресейліктер Иран тарихы, тілі және әдебиетімен танысқысы келеді. Олар Иранның көне тарихы және классик ақындарымен  таныс. Сондықтан Иранның қазіргі дәуір әдебиетімен, ақын-жазушылары және өнерпаздарымен таныстыру – өзекті мәселе»,- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама