Dec 11, 2018 17:49 Asia/Almaty
  • Могерини: SPV жақын арада іске қосылады

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы дүйсенбі күні Брюссельде еуропалық елдердің Сыртқы істер министрлері отырысының соңында Еуроодақтың Иранмен қаржы желісін реттеу механизмінің (SPV) дайын екенін хабарлады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Федерика Могерини Еуроодақтың Иранмен қаржы желісін реттеу механизмінің (SPV) осы айдың соңына дейін іске қосылатынын қуаттап: «Еуропалық мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу бойынша ортақ пікірге ие. Иран келісімдегі өзінің барлық міндеттемелеріне табанды болды. Сондай-ақ, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі 14 мәлімдемесінде мұны растады»,- деді.

SPV Еуроодақ пен Иран арасындағы экспорт пен импорт үшін қажет қаржы және сауда механизмі ретінде әрекет етеді. Иранмен сауда жүргізуге мүдделі басқа елдер да бұл механизмді пайдалана алады.

 

 

 

 

Сараптама