Dec 12, 2018 15:15 Asia/Almaty
  • Франция Прокуроры Страсбургтегі атысты лаңкестік әрекет деп атады

Франция Прокуратурасы сәрсенбі күні таңертең елдің шығысындағы Страсбург қаласындағы атыстың лаңкестік әрекет болғанын мәлімдеді.

Al-Alam телеарнасының мәліметі бойынша, бір қарулы адам сейсенбі күні түнде Страсбургтің орталығындағы рождестволық базарға кіріп, халыққа оқ атқан. Атыста 4 адам қаза болып, 11 адам жарақат алды.

Полицияның хабарлауынша, оқ атқан адам – Страсбургте туған 29 жастағы Шариф Шакт. Оның есімі Францияның қара тізімінде болған. Францияның әскери және қауіпсіздік күштері оны іздеп жатыр. Атыстан кейін Страсбургтегі Еуропа Парламентінің ғимараты жұмысын тоқтатты.

Елисей сарайы Страсбург шабуылын қарастыратын комитеттің құрылғаны хабарлады.

Францияда өткен айларда тынышсыздықтар мен  бірнеше лаңкестік шабуыл куәсі болып, салдарынан біршама адам қаза болып, жараланды.

 

 

Тегтер

Сараптама