Dec 12, 2018 22:08 Asia/Almaty
  • Теһран университеті мен Малайзияның Путро университеті ынтымақтастық  меморандумына қол қойды

Теһран университеті ректорының зерттеу және технология істері жөніндегі орынбасары мен Малайзияның Путро университеті ректорының орынбасары қоғамдық қарым-қатынас пен өнеркәсіп салаларында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

 

Екі университеттің қарым-қатынастарын арттыру жолдарын талқылау мақсатында өткен кездесуде Теһран университеті ректорының зерттеу және технология істері жөніндегі орынбасары  Мұхаммад Рахимиан мен Малайзияның Путро университеті ректорының орынбасары  қоғамдық қарым-қатынас пен өнеркәсіп салаларында ортақ зерттеулер өткізу туралы пікір алмасты. Кездесуде қоғамдық ғылымдар саласында ортақ зерттеулер жүргізу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат бойынша, «Денсаулық саласындағы байланыстар» және «Өмірдің сапасы» деген тақырыптар бойынша екі ортақ зерттеу жобасы жүргізіледі. Оларға Теһран университетінің қоғамдық ғылым мен Малайзия университетінің шет тілдер мен әдебиет факультеттері және обыр ауруын зерттейтін орталық қатысады. Зерттеулер Иран мен Малайзияда бір мезгілде жүргізіледі.

 

 

 

Тегтер

Сараптама