Dec 13, 2018 11:58 Asia/Almaty
  • Ирандық ғалым Дүниежүзілік Ғылым Академиясының сыйлығына ие болды

Ирандық ғалым Хосейн Баһарванд діңгекті жасушалар саласында Дүниежүзілік Ғылым Академиясының 2019-шы жылғы биология ғылымдарының сыйлығына ие болды.

Италияның Триест қаласында өткен Дүниежүзілік Ғылым Академиясының жиырма сегізінші Бас Ассамблеясының төртінші конференциясы діңгекті жасушалар саласында ирандық ғалым Хосейн Баһарвандты марапаттады.

Осы мәлімет бойынша, Хосейн Баһарванд 2014-ші жылы ЮНЕСКО-ның биология ғылымдарының сыйлығына ие болған. 2017-ші жылы The Niche сайты оны діңгекті жасушалар  саалсындағы ең маңызды 20 адамның бірі деп атады. Дүниежүзілік Ғылым Академиясының  2019-шы жылғы сыйлығы келесі жылы Академияның Бас ассамблеясының салтанатты рәсімінде табыс етіледі.

Жыл сайынғы TWAS сыйлығы ауылшаруашылығы, биология, химия, жер туралы ғылым, астрономия мен ғарыш ғылымы, инженерия, математика, медицина, физика және қоғамдық ғылымдар деген тоғыз сала бойынша беріледі. Биыл ирандық Хосейн Баһарвандпен бірге Қытайдан төрт, Аргентинадан үш, Тайвань, Үндістан, Малайзия, Нигерия мен Оңтүстік Африкадан бір-бір адам бұл сыйлыққа жеке немесе ортақ түрде ие болды.

 

Сараптама