Dec 13, 2018 16:33 Asia/Almaty
  • Лавров пен Зариф Сирия жайлы телефон арқылы сұхбаттасты

ИИР мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбатта Сирия өзгерістері жайлы кеңесті.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні кешке телефон арқылы сұхбатта Сирия дағдарысының саяси шешім жолдарын талқылады.

Иран мен Ресей Таяу Шығыс аймағында лаңкестікпен күрес саласында ұқсас ұстанымдарға ие. Сирия дағдарысында Иран мен Ресей Түркияның қолдауы және атсалысуымен Астанада Сирия бейбіт келіссөздерін басқаруды өз мойындарына алды.

Астана келіссөздерінің негізгі нәтижесі Сирияда қақтығыстар азайтылған аймақтар қалыптастыруға және бұл ел дағдарысын саяси жолдармен шешуге жағдайдың жасалуына септігін тигізді.

Астана келіссөздері  АҚШ-тың ырқынан тыс Сирия дағдарысын талқылайтын жалғыз үдеріс болып табылады. Дәл осы мәселе Сирия дағдарысын шешуде мықты да әсерлі фактор болды.  

 

Тегтер

Сараптама