Dec 15, 2018 14:31 Asia/Almaty
  • Мәскеуде ресейлік ирантанушылардың жыл сайынғы форумы басталды

Мәскеуде ирантану ғылымын нығайту, парсы тілін өрістетудің жолдары, қиындықтары мен алдағы көкжиектерді зерттеу мақсатындағы ресейлік ирантанушылар мен парсы тілі оқытушыларының 4-ші форумы басталды.

Форумның ашылу салтанатында ИИР-ның Ресейдегі елшісі Меһди Санаи, Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының директоры Абылгазиев Игорь Ишеналиевич, Иран СІМ-нің Саяси және халықаралық зерттеулер орталығы басшысының орынбасары Мортеза Пакдаман, Иран мен Ресей достық қоғамының басшысы Александр Полищук Иванович және Мәскеудегі парсы тілінің оқытушылары сөз сөйледі.

Бір күндік форумда ресейлік және ирандық ойшылдар мен оқытушылар ирантанудың қазіргі жағдайы, ирантанудың алдағы көкжиектері және Ресейдегі парсы тілі атты үш басты тақырыпты зерттеп, талқылады.

Сонымен қатар, форумға Санкт-Петербург, Қазан, Дағыстан, Астрахань, Алтай, Владикавказ, Саратов және Челябинсктен келген ғалымдар қатысып отыр.

 

 

 

Тегтер

Сараптама