Dec 15, 2018 16:43 Asia/Almaty
  • Илхам Әлиев Әзірбайжан-Иран қарым-қатынасын дамытуға мүдделік танытты

"Әзірбайжан Республикасы мен Иранның қарым-қатынасы жақсы дамып келеді. Екі ел президенттері мен жоғары деңгейлі басшыларының екіжақты сапарлары осы қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады".

Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиев жұма күні Иранның Барлау министрі Сейіт Махмұд Алавимен кездесуінде екі елдің тарихи ортақтастықтарының екі халық арасындағы қатынастардың негізгі тірегі екенін баса айтты.

ИИР өзара құрмет пен ортақ мүдделер негізінде өз көршілерімен байланыстарды дамытуды маңызды санайды.

Бұл кездесу де өткен аптада Бакуде екі елдің Шекара әскерлері қолбасшыларының 11-ші отырысы ұйымдастырылған жағдайда өтті.

Әзірбайжанның Шекара әскерлерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Эльчин Гулиев ИИР Шекара әскерлерінің қолбасшысы бригада генералы Ғасем Резаидың Бакуге жасаған сапары мен оның Әзірбайжан президенті және басқа басшыларымен келіссөз өткізуін екі ел қарым-қатынастарын дамытудағы жемісті қадам деп атады.

Бөгде мемлекеттердің әрекеттері мен аймақтық қауіп-қатерлерге байланысты қауіпсіздік мәселелеріне қатысты интеграция мен қауіпсіздік саласындағы өзара әрекеттестік үлкен маңызға ие болып отыр. Осы салада Теһран мен Баку қарым-қатынастарын кеңейту екі халық үшін ғана емес, сондай-ақ, аймақ үшін де пайдалы болмақ. ИИР Барлау министрі Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен Бакуде кездескеннен соң Иран мен Әзірбайжанның қауіпсіздік және барлау органдары арасында өте жақсы әрекеттестік орнағанын айтты.

Сейіт Махмұд Алави сондай-ақ, соңғы бес жылдың ішінде Иран мен Әзірбайжанның қауіпсіздік және барлау органдарының оң әрі сындарлы қатынас орнатып, нәтижесінде екі елде тұрақты қауіпсіздік орнатқанын мәлімдеді. Иран мен Әзірбайжанның қауіпсіздік органдары бір-бірімен әртүрлі бағыттар бойынша, атап айтқанда әлемдік лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыс және есірткі контрабандасымен күрес және ақпарат алмасу бойынша әріптестік жасауда. Бұл әдістер Иран мен Әзірбайжанның қауіпсіздік саласында өзара ынтымақтастықтарын күшейтуді көздеп отырғанын көрсетеді.

Бұл шешім екі аспект тұрғысынан маңызды: бірінші аспект бойынша, аталмыш ынтымақтастық қауіпсіздік саласындағы қиындықтармен күресу және аймақтағы лаңкестік қауіп-қатерлерді жою үдерісіне әсерін тигізеді;

екінші аспект тұрғысынан, бұл ынтымақтастықты күшейтудің маңызы басқа көршілес елдер үшін де пайдасын тигізеді. Себебі, кейін аймақ халықтарының мүдделері, жалпы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға бағытталған көпжақты қарым-қатынастардың нығаюына себеп болады.

Әзірбайжанның саяси мәселелер жөніндегі сарапшысы Вафа Гулузаде екі елдің жоғары деңгейдегі ынтымақтастықтары мен жақсы байланыстарына сілтеме жасап, Теһран мен Баку арасындағы қарым-қатынастардың алда жарқын болашақ күтіп тұрғанын айтты.

Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев сәуір айында Иран прездиенті Хасан Руханимен кездесуінде Иранның аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға бағытталған саясатын қолдап: "Өкінішке орай, аймақтан тыс мемлекеттер аймақ істеріне араласып, аймақтағы соғыс пен қантөгістің артуына себеп болды. Біз ешқандай шетелдік күштер аймақ елдерінің ішкі істеріне араласпауы тиіс деп санаймыз",- деген болатын.

Осы көзқарасқа байланысты ИИР Барлау министрінің Бакуде өткізген келіссөздері мен Илхам Әлиевтің екі ел президенттері мен жоғары лауазымды басшыларының екіжақты сапарларының өзара қарым-қатынастарын күшейтудегі рөлін баса айтуынан екі мемлекеттің байланыстарын нығайтатынын түсінуге болады. Бұл кездесу сонымен қатар Теһран мен Баку басшыларының екі ел қатынастарын шектеуге себеп болған факторларға мән беріп, оларды жою үшін шара қолданып, өзара сенімге нұқсан келтірген факторларды бейтараптандыруды көздеп отырғанын білдіреді.

 

 

Сараптама