Dec 15, 2018 22:17 Asia/Almaty
  • Парсы тілі Грузияның төрт университетінде негізгі тіл ретінде оқытылады

Грузия университетінің шығыстану факультетінің деканы Александр Чулухадзе: "Парсы тілі мен әдебиеті Грузияның төрт университетінде негізгі тіл ретінде оқытылады. Бұл университеттердің студенттерінің басым бөлігі Иранға барып, тіл ұстарту курстарында оқуға ынталы",-деді.

Александр Чулухадзе Теһранда Иранның "Пайям-е нур" университеті ректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мортаза Мохсенимен кездесуінде: "Иранның "Пайям-е нур" университетінің Парсы тілін үйрету орталығында парсы тілін ұстарту курстарын өткізу грузиялық студенттер үшін жақсы нәтиже береді",-деді.  

Чулухадзе, сондай-ақ,  Иран мен Грузия университеттері арасындағы ынтымақтастықты қолдап: "Грузия университеттері Иран университеттерімен археология немесе ақпараттық технологиялар сияқты салаларда әріптестікті арттыруға мүдделі",-деді.

 

Тегтер

Сараптама