Dec 15, 2018 22:26 Asia/Almaty
  • Ирандық фотосуретші Ресейде өткен фестивальда құрмет грамотасын алды

Ирандық фотосуретші Микаил Баязиди Ресейде өткен "Award 35" халықаралық фотосурет фестиваліне қатысып, құрмет грамотасын алды.

Ресейде өткен халықаралық фотосурет фестивалінің әуеден түсірілген суреттер бөліміне әлемнің 72 елінен 801 фотосуретші 1753 туындымен қатысты. Баязидидің суреті үздік туындылар қатарында таңдалып, құрмет грамотасына ие болды.

Жабайы жануарлар әлемі бөлімі – "Award 35" халықаралық фотосурет фестивалінің соңғы бөлімі болды. Баязиди бұл бөлімге 9 сурет ұсынып, жалпы 6 құрмет грамотасын алды.

Талантты фотосуретші, сондай-ақ, алғашқы ирандық фотосуретші ретінде Урумие көлінің суретімен Үндістанда өткен АВ халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.   

 

Тегтер

Сараптама