Dec 15, 2018 22:34 Asia/Almaty
  • Ирандық тағамдар Пәкістанда өткен Халықаралық тамақ фестивалінің үздігі атанды

Пәкістанның Ұлттық қорғаныс университетінің Халықаралық тамақ және қолөнер фестиваліндегі ИИР-ның павильоны пәкістандықтардың ыстық ықыласына бөленді.

Әлем елдерінің Халықаралық тамақ, әдет-ғұрып және қолөнер фестиваліне биыл 24 ел, соның ішінде Иран, Қытай, Ливан, Сауд Арабиясы, Аустралия, Индонезия, Мысыр, Иордания, Бангладеш, Бразилия, Зимбабве, АҚШ, Ұлыбритания мен БАӘ қатысты.

Бұл көрмеде, сондай-ақ,  Иранның кейбір қолөнер бұйымдары, соның ішінде ирандық кілем көрермендерге таныстырылды. Тамашалаушылар Иранның Мешхед, Керман, Исфахан, Теһран, Табриз, Кашан, Ахваз және Шираз қалаларындағы тарихи және туристік тартымдылықтармен танысты.

Әлем елдерінің Халықаралық тамақ, әдет-ғұрып және қолөнер фестивалі жыл сайын Пәкістанның Ұлттық қорғаныс университетінің(NDU) ұйымдастыруымен және осы елдегі шетелдік өкілдіктердің әріптестігімен аталмыш университеттің аумағында өткізіледі.

 

Тегтер

Сараптама