Dec 16, 2018 16:07 Asia/Almaty
  • Иран ғылым өндірісі бойынша әлемде екі пайыздық үлеске ие

Иранның Мәдени революция жоғары кеңесінің хатшысы елдің ғылым өндірісі бойынша әлемде екі пайыздық үлеске ие екенін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мохаммадреза Мохбер Дезфули сенбі күні ИИР‑ның әлемде ғылыми дереккөз орталығына айналу талпынысына тоқталып: «Иран ғылым өндірісі саласында әлем бойынша 16 орында, аймақ бойынша бірінші орында тұр»,‑деді.

Мохбер Дезфули Ислам революциясы жеңіске жеткенге дейін Иранның ешбір университетінің әлемдік рейтингке кірмегенін, 2018 жылғы Таймс рейтингіне сәйкес, Иранның 18 университетінің әлемдегі үздік университеттердің қатарында екенін айтты.  

Мохбер Дезфули Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін ирандық жастардың халықаралық ғылыми олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болғанын айтып: «Қазіргі таңда ирандық жастар математика, физика, компьютер, биология мен басқа салалар бойыныша әлемде жүлдегер атанып жүр. Мысалы, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін ирандық жастар ғылыми олимпиадаларда 669 медаль алды»,‑деді.

 

Тегтер

Сараптама