Dec 23, 2018 20:38 Asia/Almaty

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Индонезия үкіметі мен халқына және Зонд бұғазындағы алапат цунамиде зардап шеккендердің қайғыларына ортақтастық білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми жексенбі күні ондаған адамның қаза болуы, жоғалуы және панасыз қалуына соқтырған цунамидің болғанына өкініш білдірді. Алапат цунами жексенбі күні таңертең Зонд аймағында орын алды.

Индонезия басшыларының айтуынша, цунамиден қаза болғандардың саны бүгін таңертең 168 адамға жеткен. Сондай-ақ, 700-ден астам адам  жарақат алып, 30 адам жоғалған.

 

 

Тегтер

Сараптама