Dec 27, 2018 14:18 Asia/Almaty

Ирак Премьер-министрінің кеңсесі АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ирак басшылары кездесуінің оны өткізу тәсіліне қатысты қайшылықтарға байланысты болмағанын хабарлады.

АҚШ Президенті сәрсенбі күні кешке алдын ала хабарланбаған сапарында Ирактың батысындағы әл‑Анбар облысының «Ейн ул‑Асад» базасына барды. Дональд Трамп осы үш сағаттық сапарда Ирак Премьер-министрі Адел Абдулмахдимен кездесе алмай, еліне қайтты.   

Ливанның al-Mayadeen телеарнасына жеткен мәліметтерге сәйкес, Ирак Премьер-министрі, Президенті мен Парламент төрағасы АҚШ Президенті Дональд Трамптың әл‑Анбар облысының «Ейн ул‑Асад» базасында түнде кездесу туралы өтінішін қабылдамаған.

Трамп «Ейн ул‑Асад» базасына келген кезде қандай жағдай болса да, америкалық әскерилерді Ирактан шығаруды қаламайтынын айтқан.

Ирактағы Хезболла батальондарының ақпарат хатшысы Джафар әл‑Хосейни Дональд Трамптың бұл сөзіне реакциясында: «Ирактың қарсыласу қозғалысы АҚШ‑ты бұл елден әскерилерін шығаруға мәжбүрлейді»,‑деді.  

 

 

Тегтер

Сараптама