Jan 08, 2019 13:56 Asia/Almaty

ФИФА дүйсенбі күні Иранның ұлттық футбол командасын мақтап жазды.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ФИФА өзінің сайтында Иран командасы Йеменді жеңгеннен кейін: «Азия елдері чемпионатының үш кезеңінің жеңімпазы Иранның ұлттық футбол командасы ойынның басынан бастап, жеңуді көздегінін көрсетті»,- деп жазды.

Азия елдері чемпионатының 17-ші кезеңінің жеңімпаздарының бірі болуды көздеген Иранның ұлттық футбол командасы өзінің бірінші ойынында Йемен командасын 5:1 есебімен жеңді.

Иранның ұлттық футбол командасының екінші ойыны қаңтардың 12 күні өтеді. Иран командасы  Вьетнамның ұлттық командасымен кездеседі.

 

 

Сараптама