Jan 11, 2019 13:28 Asia/Almaty
  • Иранда

"Санчи" мұнай танкері теңізшілерінің қаза болуының жылдығына орай еске алу рәсімі бейсенбі күні Теһранда теңізшілердің отбасылары, бір топ жауапты тұлғалар мен шетел елшілерінің қатысуымен өтті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Санчи" мұнай танкерінің апатқа ұшырауы салдарынан қаза болған теңізшілердің алғашқы жылдығына орай өткізілген еске алу рәсіміне шетел мемлекеттерінің елшілері мен арнайы өкілдер және Қытайдан келген делегация мен елшісі қатысты.

2018 жылдың қаңтар айында Қытайдың шығыс жағалауында қытайлық жүк кемесі ирандық мұнай танкерімен соқтығысып, соның салдарынан ирандық танкер жарылып, өртенді.

Апат кезінде ирандық танкердегі 30 ирандық және екі бангладештік қаза тауып, кеме суға батып кеткен болатын.

 

 

Тегтер

Сараптама