Jan 11, 2019 17:36 Asia/Almaty
  • Помпеоның қиялына қайшы, Иран – тәуелсіз ел

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мысырдың астанасы Каирға жасаған сапарында "Ираннан қорқыту" жобасының жалғасында АҚШ-тың аймақтық саясаттарын ілгерілету үшін елінің Иранмен дұшпандығының шарықтау шегін көрсетті.

Майк Помпео бейсенбі күні Каирде сөйллеген сөзінде АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық санкцияларын тарихтағы ең қатаң санкциялар деп атап: «Иран қарапайым мемлекет секілді әрекет етпейінше, санкциялар бұрынғыдан бетер күшейе түседеі»,- деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы кейін Twitter әлеуметтік желісіндегі жазбасында елінің Иранның аймақтық теңгерімдердегі ықпалы мен әсеріне қатысты ашуының шарықтау шегіне жеткенін көрсетіп, әлемнің Иран қауіп-қатерінің кең етек жайып жатқанын түсінгені туралы уәж айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының аймақтарға жасайтын сапарлары барысында осындай уәж айтуы соны жағдай емес. Америкалық басшылар АҚШ-тың стратегиялық Батыс Азия аймағындағы мүдделерін ілгерілету үшін мұндай сөздерді бірнеше рет айтқан болатын.

ИИР-ның Батыс Азия аймағындағы ойыны АҚШ пен оның одақтастарының теңгерімін бұзды. АҚШ-тың соғысқұмар қайраткерлерінің Иранды қауіп деп атауы тек араб режимдерімен ынтымақтастық жасайтын АҚШ-тың экономикалық және саяси мүдделерін қамтамасыз ету аясында ғана жүзеге асырылуда.

Иранның Батыс Азия аймағында белсенді рөл атқаруы қауіпсіздік пен бейбітшіліктің орнауына септігін тигізді. Ирак пен Сирияда ДАИШ лаңкестік тобының жеңіліске ұшырауы Иранның аймақтағы сындарлы рөлі мен тұрақтылық сыйлаушы ықпалының белгісі. Батыс Азия аймағындағы оқиғалардың тарихын зерттеу нәтижелері шетелдік күштердің, атап айтқанда америкалық күштердің әртүрлі сылтаулармен аймақта орналасуы текетірес, тынышсыздық пен қайшылықтан басқа ештеңе бермегенін көрсетіп отыр.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Мемлекеттік хатшысының Каирде айтқан уәждеріне жауап бергенде: "АҚШ қайда араласса да, соңында бейберекеттік, басып-жаныштау мен қатыгездік туындайды",- деді.

Гарвард университетінің халықаралық қатынастар пәнінің профессоры Стефен Вальт жуырда америкалық Foreign Policy журналында: "АҚШ-тың аймақта орналасуы толығымен теріс әсер етті. ДАИШ-тың пайда болуы мен мыңдаған адамның қаза болуы АҚШ-тың 2003 жылғы Иракқа жасаған шабуылының салдарларының қатарын құрайды",- деп жазды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранды қауіп ретінде атауымен қоса, Каирде өткен 40 жылдың ішінде америкалық қайраткерлердің оған жету үшін бар күштерін салғанымен еш нәтижеге қол жеткізе алмағаны жайлы бос қиялын тағы қайталады. "Иран әрекетінің өзгеріп, ислам республикасының АҚШ-қа қызмет ететін саяси жүйеге айналуы" ислам революциясының 40 жылдық өмірі бойында өңге айналмаған түс болғандықтан бұл сәтсіздік америкалықтарды қатты ашуландырып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамптың үкіметі кез келген жолмен Иранды америкалықтар қалайтын бағытта әрекет етуге итермелеуге талпыныс жасап жатыр. Бірақ, ислам революциясының 40 жылдық тәжірибесі Иран халқының ешқашан кемсітушілікті қабылдамайтынын дәлелдеді.

Осы мәселеге қатысты ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи үш ай бұрын Теһрандағы Азади спорт кешенінде жүз мыңдаған адамның алдында сөйлеген сөзінде: "Иран халқы мен жаңа ұрпақ бұдан былай қорланбай, бөтен алпауыт державалар мен дұшпанның мақсаттарына ермеуге шешім қабылдады. Олар Иранды мақтаныш пен ғиззаттың шарықтау шегіне жеткізуге шешім қабылдады. Бұл іс олардың қолынан келеді"- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама