Jan 12, 2019 12:26 Asia/Almaty
  • Иран Венесуэламен қорғаныс саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Хатами Ислам республикасының Венесуэламен өзінің қорғаныс саласындағы тәжірибелері және мүмкіндіктерімен бөлісуге дайын екендігін мәлімдеді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Каракасқа сапармен барған бригада генералы Амир Хатами Мадуромен кездесуінде оны екінші президенттік кезеңінің басталуымен құттықтап, бұл ел халқының Венесуэланың революциялық үкіметі билігін құптауын АҚШ қастандықтарының жеңіліске ұшырауы деп атап:

"АҚШ басшылары өздерінің үстемшіл қасиетіне байланысты үкіметтер мен халықтардың азат және тәуелсіз болғанына төзе алмайды. ИИР әлемнің тәуелсіз елдерімен, әсіресе, Венесуэламен әртүрлі салалар бойынша қарым-қатынасын арттыруға  мүдделі",- деді.

Николас Мадуро Иран Қорнғаныс министрі мен онымен бірге келген делегацияға ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Каракастың да Теһранмен қарым-қатынастарын дамытуға мүдделі екенін баса айтты.

 

 

Сараптама