Jan 12, 2019 21:14 Asia/Almaty
  • Иранның 12 университеті әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енді

Әлем университеттерінің рейтинг орталығының хабарлауы бойынша, Иранның 12 университеті әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енгізілді.

Әлем университеттерінің рейтинг орталығы (Center for World University Ranking (CWUR) дүние жүзі университеттерін сараптау нәтижесін жариялады. Соның негізінде Исламдық Азат университеті, Теһран университеті, Теһранның медицина университеті, Санат-е Шариф университеті, Исфаһанның политехникалық университеті, Амир Кабир политехникалық университеті, "Тарбиат-е модаррес" педагогикалық университеті, Шираз университеті, Мешхедтің Фирдоуси университеті, Шәһид Бехешти атындағы медицина университеті мен Шәһид Бехешти университеті әлемнің мың үздік жоғары оқу орнының қатарына енгізілді. 57 ислам елінің арасында Иран, Түркия, Малайзия, Мысыр, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Ливан, Нигерия мен Тунис елдерінің жоғары оқу орындары әлем университеттерінің рейтингіне қатысады.

Әлем университеттерінің рейтингі 7 көрсеткішті – білім беру сапасы,  түлектердің саны бойынша жұмысқа тұру, ғылыми кеңес мүшелерінің дәрежесі, ғылыми мақалалар саны бойынша жазылған ғылыми еңбектер, зерттеу мақалаларының саны бойынша басылымдардың сапасы, беделді басылымдарда жарық көрген мақалалар саны мен сілтеме көп жасалған мақалалар саны бойынша іріктеуді әлемнің үздік университеттерін таңдау үшін қолданады.

 

Тегтер

Сараптама