Jan 20, 2019 18:36 Asia/Almaty
  • Талибан тобы АҚШ өкілімен келіссөз өтетінін теріске шығарды

Талибан тобының ақпарат хатшысы Забихулла Моджахед осы топ өкілдерінің АҚШ-тың Ауғанстан бейбітшілігі жөніндегі арнайы өкілімен Исламабадта кездесу ықтималын теріске шығарды.

Забихулла Моджахед «Талибан Исламабадта Залмай Халилзадпен ешқандай келіссөз өткізбейді.

Америкалық күштердің Ауғанстаннан шығарылуы, Талибан басшыларының сапарларына қойылған шектеуді жою және тұтқындармен алмасу АҚШ-пен келіссөз жүргізудің шарттары болып табылады",-деді.

Осындай жағдайда пәкістандық ақпарат құралдары сенбі күні таңертең Талибанның АҚШ өкілі және 12 адамдық делегациямен Исламабадта кездесіп, келіссөз өткізуге келіскенін хабарлады.

Осы уақытқа дейін Залмай Халилзадтың аймақ елдерімен, соның ішінде  Ауғанстан, Катар мен БАӘ-не Талибан тобын АҚШ және Ауғанстан үкіметімен келіссөз өткізуге мәжбүрлеу үшін жасаған сапарлары нәтижесіз аяқталды.  

Талибан тобы ақпарат хатшысының бұл топтың АҚШ өкілімен Исламабадта кездесетіні туралы таралған ақпараттарды теріске шығаруы және отырыстың өтуіне қарсылықтың дәлелдерін айтуы Залмай Халилзадтың Талибанды Ауғанстандағы ұлттық бітім диалогына тарту бағдарламасын ілгерілетуде сәтсіздікке ұшырағанын көрсетеді.

Талибан ақпарат хатшысының бұл топтың Исламабадта Залмай Халилзадпен кездесуге үшін ешқандай бағдарламасының жоқ екендігін қуаттауы Талибан мен АҚШ арасында Ауғанстанда соғысты аяқтап, тұрақтылық пен тыныштық орнату тәсілі туралы пікір қайшылығына ие екенін көрсетеді.  

Забихулла Моджахед осы ұстанымын бұдан бұрын Талибан өкілдері Залмай Халилзадпен БАӘ-де сұхбаттасқан жағдайда жариялап отыр. Бұл келіссөз Пәкістанның Сыртқы істер министрлігі тарапынан ресми түрде расталды.

Талибан өкілі мен АҚШ өкілі арасында Абу-Дабиде отырыс өткендіктен, олардың келіссөздерінің келесі кезеңі Исламабадта өтеді деп болжанған болатын. Моджахедтің ұстанымы бұл топтың Ауғанстандағы соғыс пен бейбітшілік туралы кейбір отырыстарға қатысқанымен, шетелдік күштердің бұл елден шығуын соғысты аяқтаудың басты шарты етіп қойғанын тағы көрсетті.  

АҚШ үкіметі Дональд Трамптың билігі кезінде басқа елдермен келісімдерін бұзып, халықаралық келісімдерден шығу арқылы екіжақты және халықаралық хаттамаларға берік емес ел ретінде көрсетті. Талибан тобы Ақ үйдің осы келіссөздерде де алдап, уәде бұзатынына алаңдап отыр.

Осындай жағдайға байланысты Талибан АҚШ пен НАТО әскерилерінің Ауғанстаннан шығарылуын бейбіт келіссөздердің басты шарты деп бұрынғыдан көбірек баса айтып отыр. Өйткені, бұл топтың көзқарасы бойынша, шетелдік күштер  Ауғанстаннан толық шығарылғаннан кейін олардың қайтып келуі екіталай.

Талибан тобы АҚШ өкілімен Исламабадта кездесуге теріс жауап берген жағдайда Залмай Халилзад осы топпен Ауғанстанда президенттік сайлау өткенге дейін келісімге келуге күш салып жатыр. Ақ үйдің бұл қастандығына қатысты болжам бойынша осы ел Талибан тобын сайлау науқанына енгізу арқылы билікке қатыстыруды көздеп отыр.   

 

Тегтер

Сараптама