Feb 16, 2019 20:59 Asia/Almaty
  • Еуропа

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау саласындағы аса маңызды келісім. Алайда АҚШ бұл келісімді жоюды көздеп, 2018 жылдың мамыр айында одан шықты.

Еуроодақтың көзқарасы бойынша, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының бұзылуы және жойылуы қауіпсіздік саласына теріс әсер етеді. Мұнымен бір мезгілде Еуропаның дипломатиялық беделіне қатты нұқсан келтіреді. Брюссель "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын көпжақты келісімнің үлгісі әрі оны басқа халықаралық қайшылықтарды шешуге берілген тәсіл санайды. Бұған қарамастан, соңғы бірнеше аптада, әсіресе INSTEX деп аталатын Иранмен арнайы сауда желісінің іске қосылғаны жарияланғаннан кейін Трамп үкіметінің Еуроодақ пен Германия-Франция-Ұлыбритания үштігін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға көндіруге бағытталған қысымдары күшейе түсті. Қысымдар Варшава отырысында АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенстің Еуропаның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты ұстанымын қатаң сынауынан да көрініс тапты.  

Вашингтонның қысымдарына керісінше Еуроодақ басшылары мен Германия-Франция-Ұлыбритания үштігінің жаңа ұстанымы олардың ядролық келісімді сақтауға мүдделі екенін көрсетті. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини жұма күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясында: "Еуропа барлық қысымдарға қарамастан, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толық орындайды",-деп қуаттады.

Еуроодақтың бұл ұстанымын басқа ірі еуропалық елдер де растады.  Германияның Сыртқы істер министрі  Хайко Маас жұма күні кешке Мюнхен қауіпсіздік конференциясында АҚШ-тың Еуропаны "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуға шақыруын қабылдамай: "Германия Ұлыбритания  және Франциямен бірге "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап, жалғастырудың жолдарын тапты",-деді.

АҚШ үкіметі 2016 жылдың 16 қаңтарында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы іске қосылғаннан кейін оның орындалуына кедергі келтіріп, Иранды бұл келісімнің экономикалық тиімділіктерінен мақұрым қалдыруға күш салып келеді.  АҚШ-та билік басына Дональд Трамп келгеннен кейін бүлдіргі әрекеттер күшейе түсті. Трамп сайлауалды науқаны кезінде және Ақ үйге келгеннен кейін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сан рет сынап, оны ең нашар келісім деп атап, өз елін одан шығаратынын айтып, қоқан-лоққы жасады. Трамп ақырында 2018 жылдың  мамыр айының 8 күні біржақты негізде Вашингтонның осы келісімде белгіленген міндеттемелерін бұзып, елін аталмыш халықаралық келсімнен шығарып, ядролық санкциялардың қайтарылатынын жариялады. Брайан Хуктың айтуы бойынша, Вашингтон Иранға қарсы қысымдарын арттырып, оған қарсы максималды қысым саясатын жалғастыру үшін "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықты.

АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы әлемде әсіресе "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының басқа мүшелері тарапынан ауқымды реакцияға ұшырады. Сол себепті Еуроодақ пен Германия-Франция-Ұлыбритания үштігі АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын әсерсіз қалдыру үшін арнайы қаржы механизмін құруға міндеттеме алды.  

 

 

Тегтер

Сараптама