Feb 17, 2019 17:05 Asia/Almaty
  • Зариф: Мюнхен мен Варшава отырыстары АҚШ-тың оқшау қалғанын көрсетті

Иран Сыртқы істер министрі ЗариФ сенбі күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында Ливанның Al-Minar арнасына берген сұхбатында Мюнхен мен Варшава отырыстарының АҚШ-тың оқшау қалғанын көрсеткенін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Джавад Зариф: "Ешкім АҚШ-тың Иранға қарсы шараларын жақтамайды. Өйткені Вашингтон халықаралық заңдарды бұзды",-деді

Зариф Сочи келіссөздеріне де тоқталып, Иран, Ресей мен Түркия басшыларының осы отырыста Сирия жайлы сындарлы келіссөз жүргізгенін айтты.

Иран, Ресей мен Түркия басшыларының Сирия тақырыбына арналған төртінші отырысы 14 ақпанда Сочиде өтті.

Тегтер

Сараптама