Feb 17, 2019 18:55 Asia/Almaty
  • Зариф Майк Пенстің сөзін күлкілі деп атады

Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенстің Иранды нацист үкіметке теңеген сөзін күлкілі деп атады.

АҚШ Президентінің орынбасары жұма күні Варшавада Иранға қарсы өткен отырыс сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Иранды еврейлермен жауласқан нацистерге теңеп, негізсіз айып тақты.

Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Германияның "Шпигель" апталық газетіне берген сұхбатында АҚШ Президенті орынбасарының Иранға қарсы сөзін күлкілі деп атап: "Иран әрдайым еврейлерді қолдап, сионистердің басқыншылығына қарсылық танытып келеді",-деді.

Зариф Иранның әскери күш-қуаты мен зымырандық бағдарламасының дамуы туралы сөзінде: "Таяу Шығыс аймағы қару-жараққа толы. Сондықтан Иран өзін қорғауға мәжбүр",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Парсы шығанағы елдерінің 2018 жылы 100 млрд долларлық қару-жарақ сатып алғанын, ИИР қару-жарағының тек қорғанысқа арналғанын айтты.  

 

 

 

Тегтер

Сараптама