Mar 20, 2019 16:30 Asia/Almaty
  • Иран сионистерге қорғау құқығын пайдалануға қатысты күмәнданбайтынын ескертті

БҰҰ-дағы Иран өкілі сионистік режимнің мұнайға қатысты жуырдағы қоқан-лоққысына реакция білдіріп, Иранның сионистерге қорғау құқығын пайдалануға қатысты күмәнданбайтынын ескертті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Иранның мұнай экспортын «мұнай контрабандасы» деп атап, ирандық танкерлерге қоқан-лоққы жасап: «Израильдің теңіз күштері қажет жағдайда Иранның мұнай контрабандасына тосқауыл жасайды»,- деді. ИРНА-ның мәліметі бойынша, БҰҰ-дағы Иран өкілі сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, Нетаньяхудың бұл сөзін әшкере қоқан-лоққы  және БҰҰ-ның мақсаттарына қайшы, сондай-ақ, БҰҰ Жарғысының 2-ші бабын әшкере бұзу деп атап, сионистік режимнің халықаралық азат сауда мен тасымалдауға қарсы қоқан-лоққыларының айыпталып, олардың алдын алу қажеттігін қуаттады.

БҰҰ-дағы Иран өкілі Қауіпсіздік кеңесінен сионистік режимнің шынайы қоқан-лоққыларына тосқауыл қойып, бұл режимді халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қауіп-қатерге тірейтін барлық әрекеттері үшін жауапқа тартуды сұрады.

 

 

Сараптама