Mar 25, 2019 18:07 Asia/Almaty
  • Ресейдің гуманитарлық көмек тиелген екі ұшағы Венесуэлаға жетті

35000 тонна көмек тиелген ресейлік екі ұшақ Венесуэланың астанасы Каракасқа қонды.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, екі ұшақ Венесуэланың астанасы Каракасқа қонып, тиелген көмекпен бірге бір қолбасшы мен ресейлік 100 әскериді де Венесуэлаға жеткізді. Венесуэланың ақпарат құралдары бұл адамдарды Симон Боливар атындағы халықаралық әуежайда Венесуэланың жоғары деңгейлі әскери басшылары мен Каракастағы Ресей елшігінің қызметкерлері қарсы алғанын хабарлады. Екі ұшақ туралы хабар Венесуэла үкіметі оппозициясының басшысы Хуан Гуайдо ел Президенті Николас Мадуроның ішкі және халықаралық қолдаудан айрылғанын жариялаған соң таралып отыр.

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама