Mar 25, 2019 21:21 Asia/Almaty
  • Ираннан қорқыту – АҚШ пен сионистік режимнің ортақ саясаты

Ираннан қорқыту саясатын күшейту – АҚШ пен сионистік режимнің ортақ саясаттарының тұрақты бөлімі. Бұл тақырып – Нетаньяхудың Вашингтонға жасаған сапары мақсаттарының бірі.

Сионистік режимнің премьер-министрі басып алынған Палестина жерлеріндегі (Израильдегі) сайлау қарсаңында АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесіп, АҚШ пен Израильдің қоғамдық қарым-қатынастары комитеті АІРАС отырысына қатысу үшін жексенбі күні Вашингтонға аттанды. Нетаньяху Вашингтонға аттанардан бұрын Трамппен аймақтың кейбір мәселелері, әсіресе Иран туралы сұхбаттасатынын мәлімдеді. Бұл сапардан бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео аймаққа жасаған сапарында негізсіз айыптауларымен Ливан Хизболласы мен Иранға қарсы қысымдарды арттыруға  күш салды. Бениямин Нетаньяху осы кезге дейін сан рет өз сапарларында Иранға қарсы үгіт-насихатты арттыруға талпынып, Ираннан үркіту саясатын күшейткісі келгенімен нәтижеге жеткен жоқ. Ливан Хизболласына қарсы қысымдарды күшейту мен Иранды басқа елдердің істеріне араласумен айыптау – Сауд режимі, сионистік режим мен АҚШ-тың ортақ жобасы. Бұл қастандық әшкереленгенімен нәтижеге жетпеді. Сионист өтірікшілер АҚШ-пен бірге Иранды аймақтың қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіруші деп көрсетуге талпынып, Иран ядролық қару шығаруды көздеуде деген уәж айтуда. Бұл өтірік әлемнің қоғамдық пікірі Израильдің  ядролық 200 оқтұмсыққа ие екенін білетін жағдайда айтылып жатыр. Кубалық сарапшы, жазушы Хуан Галман осыдан біраз уақыт  сионистік режимнің премьер-министрі Нетаньяхуды  өтірікші деп атап: «Нетаньяху осыдан бірнеше жыл бұрын БҰҰ-ның Бас ассамблеясында «Иран бірнеше айдың ішінде уранды 90 пайызға байытады», сондай-ақ, 1996 жылы «Иран атом бомасын жасады» деген болатын. Бұл өтіріктері – халықаралық қоғамға тіл тигізушілік»,- деп жазды.

Ислам революциясының жетекішсі аятолла Хаменеи былтырғы мамыр айындағы Жұмысшылар күні қарсаңында АҚШ-тың ИИР-ның тәуелсіз жүйесіне қарсы тұру тәсілін аймақтың түсінігі төмен кейбір үкіметтерін түрткілеп, аймақта қайшылықтар мен қақтығыс тудыру деп атап: «Америкалықтар саудиялықтар мен аймақтың басқа кейбір мемлекеттерін Ислам республикасына қарсы қоюға талпыныс жасауда. Бірақ, егер олардың ақылы болса, олар АҚШ-тың алдап-арбауына алданбайтын еді»,- деген болатын.  

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама