Apr 19, 2019 18:04 Asia/Almaty
  • Ресей: Лаңкестер Идлибте жаңа қастандық жасауға дайындалуда

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Джебхат ан-Носрат лаңкестері мен «Ақ қалпақтылар» Сирияның Идлиб қаласында химиялық заттарды пайдаланып, жаңа қастандық жасауға дайындалып жатқанын хабарлады.

Сирияның «САНА» ресми ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мария Захарова Джебхат ан-Носрат лаңкестерінің Ақ қалпақтылармен келісіп, Сирия Армиясын айыптау мақсатында Идлиб облысында химиялық қару пайдалануы арқылы жаңа қастандықты іске асыруға дайындалып жатқанын ескертті.  

Ресей Сыртқы істер министрлігі өткен наурыз айының басында Франция мен Бельгия барлау ұйымдары жалдамалыларының Идлиб облысына келуі мен олардың Джебхат ан-Носрат лаңкестері және «Ақ қалпақтылармен» кездесуінің себебін Сирия үкіметі мен Ресей әуе күштерін қарапайым халыққа қарсы химиялық заттарды пайдаланды деп айыптау деп атаған болатын.  

 

 

 

Тегтер

Сараптама