Apr 22, 2019 15:07 Asia/Almaty
  • Украинадағы президенттік сайлауда Владимир Зеленский жеңіске жетті

Украинадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Владимир Зеленский еліне бейбітшілікті Ресейдің ынтымақтастығымен қайтарғысы келетінін мәлімдеді.

 

Frans Press мәліметі бойынша, Украинадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен комедия жанрының артисі Владимир Зеленский жексенбі күні жақтастарының алдында оларды үмітсіз қалдырғысы келмейтінін, еліне бейбітшілікті Ресейдің ынтымақтастығымен қайтарғысы келетінін жариялады. Зеленский сондай-ақ, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары халықтарына билікке жаңа басшыны сайлауға қатысты ақыл-кеңес берді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Владимир Зеленскийдің Украинадағы президенттік сайлауда жеңіске жетуіне реакция білдіріп, бұл жеңісті Украина халқының елдің ішкі және сыртқы саясаттарға өзгеріс енгізу талпынысы деп тапты.

Владимир Зеленский 72 пайыз дауысқа ие болып, Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде сол елдің қазіргі батысшыл президенті Петр Порошенкодан озды.

 

 

Тегтер

Сараптама