Apr 24, 2019 16:09 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ – келіссөздегі сенімсіз тарап

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-ты келіссөзге қатысушы сенімсіз тарап деп атап: «Америкалықтар халықаралық заңдарға, тіпті өздері қабылдаған заңдарға да табансыз»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Нью-Йоркке келіп түскен кезде журналистерге берген сұхбатта Иран халқының еш уақытта зорлық-зомбылықтың алдында тізе бүкпегенін, келешекте де бүкпейтінін қуаттап, америкалықтарға Иран халқымен құрметпен сөйлесу керектігін ескертті. Иран Сыртқы істер министрі Зариф АҚШ-тың Иранның мұнайын сатып алуға қатысты берген жеңілдіктерінің мерзімін ұзартпағанына тоқталып, ИИР-ның олардың жеңілдік беру, бермеуіне мән бермейтінін қуаттап: «АҚШ жеңілдік беретін немесе олардың күшін жоятын әлемнің полициясы емес»,- деді.  

 

 

Тегтер

Сараптама