Apr 25, 2019 16:32 Asia/Almaty
  • Зариф: Санкция Иранның саясатын өзгертпейді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф санкция мен қысымнан Ислам республикасы саясатының өзгермейтінін мәлімдеді.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні «Нью-Йорктың азиялық қоғамының" отырысында АҚШ-тың әлем елдеріне қатысты екіқырлы саясат ұстануын сынап: "АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен басқа да халықаралық келісімдерден шыққан соң басқа елдер мен америкалықтардың оған сенімінің жоғалуына себеп болды",-деді.

Зариф Ормуз бұғазының жабылғаны туралы: "Парсы шығанағы – әлемнің маңызды өткелі. Иранның ұлттық мүдделері қамтамасыз етілген жағдайда ғана Ормуз бұғазы ашық болады",-деді.  

 

Тегтер

Сараптама