Apr 25, 2019 20:23 Asia/Almaty
  • Иран

ИИР-ның Қаржы және экономика министрі Дежпасанд Иранның "Күре жол" бастамасы аясында әртүрлі салаларға инвестиция салып, қаржылай қамтамасыз ету үшін 50 млрд-тан аса доллар бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Фархад Дежпасанд бейсенбі күні Бейжіңде өткен "Күре жол" екінші халықаралық саммитінде: "Күре жол" жобасы жаһандық даму мен елдердің қарым-қатынасында маңызды әрі сындарлы рөл атқарып, "Ұлы жібек жолы" бағытындағы елдер арасында интеграцияның артуына себеп болады",-деді.

Ол аймақтағы ең қауіпсіз ел Иранның геосаяси және геостратегиялық жағдайына тоқталып: "Иранда қуат көздерінің молдығы, темір жол мен теңіз тасымалы және транзит саласындағы үлкен әлеуеттер, туризм мен денсаулық саласындағы мүмкіндіктер "Күре жол" жобасына қатысатын елдердің осы мұрсатты жақсы пайдалануы мен мүше және әлем елдерінің экономикалық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасай алады",-деді.  

 

Тегтер

Сараптама