Jul 15, 2019 17:03 Asia/Almaty

Теһран жоғары оқу орындары студенттері шеруге шығып, Нигерияның исламдық қозғалысының басшысы шейх Ибрахим Закзакидің тұтқынының жалғасуына наразылығын жариялады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Теһран жоғары оқу орындары студенттері дүйсенбіде шеруге шығып, өз ұрандарымен  шейх Ибрахим Закзакиді қолдайтындарын жариялап, Нигерияның исламдық қозғалысының басшысын жылдам азат етуді қуаттады. Теһрандық студенттер сондай-ақ Иран Сыртқы істер министрлігінен Нигеряның исламдық қозғалыс басшысын азат етуге бүкіл талпынысын жасауды сұрады.  

3 шілде күні де Иранның бірақатар дәрігерлері мен ақпарат иелері Ибрахим Закзакидің денсаулығының нашарлығына назар аудартып, Теһрандағы БҰҰ кенсесінің алдына жиналған болатын. Нигерияның исламдық қозғалысының басшысы шейх Ибрахим Закзаки 2015 жылы Нигерия армиясы Зария қаласында оның үйіне шабуыл жасағаннан бері тұтқындалуда.  

Сараптама