• Құдс мәңгілікке Ислам әлеміне тиесілі (3)

АҚШ Конгресі 1995 жылдың қазан айының жиырма үші күні АҚШ елшілігін Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру жобасын бекітті.

АҚШ-тың түрлі үкіметтері сол кезден бастап осы уақытқа дейін бұл жобаны іске асырудан бас тартып келді. АҚШ-тың қазіргі президенті Трамп өзінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында бұл жобаны іске асыруға уәде берген болатын. 

АҚШ президенті аймақтық және әлемдік ауқымды қарсылықтарға қарамастан, Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде жариялады. Ақ үй алты айда бір бұл жобаны іске асыруды кейінге шегеріп отырды. Трамп та бұл жобаны ұзартқан болатын. Соған қарамастан, АҚШ-ның Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде тануы халықаралық қарарларды айқын түрде бұзу саналады. 

БҰҰ-ның қарарларында Бейт ул-Мұқаддас басып алынған жерлердің бір бөлігі саналады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 2016 жылдың желтоқсан айында бір қарар бекітіп, 1967 жылы маусым айының төрті күнінен бұрын белгіленген шекараларға, соның ішінде, Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты шекараларға енгізілген ешбір өзгерістің ресми түрде танылмайтынын, тек тараптар арасындағы келіссөздерде келісілген жағдайға өзгертуге болатынын қуаттады. 

Америка Құрама Шттаттарының іс-әрекеттерін саралау барысында мына шындықты байқауға болады: АҚШ сионистік режимнің ең басты қолдаушысы ретінде әрдайым Израильдің қауіпсіздігін нығайтуды көздеп, бұл мақсатқа жету үшін елдердің мәдени, экономикалық және саяси құрылымдарына ықпал ету тәсілін қолданып келеді. 

Ислам революциясының жетекшісі біраз бұрын  Пайғамбар әулеті (ғ.с.) әлемдік ассамблеясы және Исламдық радио мен телевизия одақтарының мүшелерімен кездесуінде америкалықтардың үш басты үдерістегі рөлін түсіндірді. Үдерістердің қатарына "аймақтық елдер арасында алауыздық тудыру", "ислам елдеріне саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан ықпал ету" және "мұсылмандар арасына іріткі салу саясаты" жатады. 

Қазір осы үдерістердің жалғасында Америка Құрама Штаттары Құдсты басқыншы сионистік режимнің астанасы ретінде жариялау арқылы аймақта жаңа авантюралар тудыруды жоспарлап отыр.

Дегенмен, үдерістің пайда болуына басқа да көптеген факторлар әсер етті. Осы аяда аймақтық мәселелерді жылы жауып қою, басқыншылармен ауыз жаласу және олардың жалған уәделеріне сену АҚШ, Израиль мен Арабстан қайраткерлерінің Палестина мәселесінде батылдана түсуіне себеп болды.

Өткен елу жылдағы Таяу Шығыс аймағында ең ауыр дағдарыстың Палестина мәселесі мен сионистік режимнің Құдсты басып алудағы мақсаттарынан туындағаны белгілі.

Ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни Израильдің болмысы мен АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарын тани отырып, Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атады. Осылайша бұл күні әлем мұсылмандарының ауызбірлікпен палестиналықтарға өз тілектестіктерін білдіруіне мүмкіндік туындады.

Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атау Палестинаның басқыншылығы мәселесін Ислам әлеміндегі түйткілді мәселелердің қатарына қосты. Имам Хомейни: «Құдс күні тек Палестина күні ғана емес. Бұл – алпауыт елдерге бұдан ары исламдық мемлекеттерді басқара алмайтынын көрсететін күн. Құдс күні – барлық  алпауыттарға Исламның бұдан былай үстемшілдіктің алдында тізе бүкпейтінін білдіретін күн. Құдс күні – Исламның баяндылығының күні» деді.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи де осы аяда хазірет Мұхаммадтың (ғ.с.) мәуліті мен хазірет имам Джафар Садықтың туған күніне орай үш биліктің басшылары, жүйе басшыларының бір тобы, ислам елдерінің елшілері мен «Ислам бірлігі» конференциясының қонақтарын  қабылдауында АҚШ, сионистік режим, кертартпа елдер мен алпауыттарға тәуелді үкіметтерді қазіргі заманның перғауындары деп атап, олардың Ислам үмбетінің арасында текетірес пен соғыс тудыруды көздейтінін айтып: «Кейбір америкалық саясаткерлер аймақта сионистік режим үшін қауіпсіз бұрыш тудырып, Ислам әлемінің дамуына кедергі жасау үшін Азияның батысында соғыс пен алауыздық қалыптастыру қажеттігін айтып отыр. Палестина мәселесі бүгінгі күні Ислам үмбетінің саяси мәселелерінің басында тұр. Барлық мұсылмандар Палестина халқын азат етіп, құтқару үшін талпыныс жасауы керек» деді.

Революция жетекшісі Ислам дұшпандарының Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде тану уәжін олардың әлсіздігі мен дәрменсіздігінің салдары деп атап: «Ислам әлемі бұл қастыққа қарсы тұрады. Сионистер бұл әрекеттерімен ауыр соққыға ұшырайтын болады. Палестина соңында азат етіледі» деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи бұдан бұрын да сионизм мен АҚШ-тың аймақтағы жасырын мақсаттарын түсіндіріп, Палестина мәселесін ысырып тастауға бағытталған үдерістермен күресу қажеттігін еске салды.

Хазірет 3 жыл бұрын Ислам әлемінің басты міндеттерін санамалап, Палестина мәселесін ұмытпауды міндетті түрде орындалуы тиіс маңызды істердің бірі  деп атап: «Палестина, Құдс Шәріп және әл-Ақса мешіті мәселесінің ұмытылуына жол бермеу керек. Олар осыны мақсат етіп отыр. Олар Ислам әлемінің назарын Палестина мәселесінен басқа жерге ауарғысы келеді. Бүкіл Ислам әлемі Құдс пен Әл-Ақса мешітіне қарсы қастандықтармен күресу үшін әрекет етуі керек. Басты мәселе – сионистік режим. Басты мәселе – Құдс мәселесі. Басты мәселе – мұсылмандардың алғашқы құбыласы – әл-Ақса мешіті. Осылар басты мәселе болып табылады» деді.

 Аймақтық өзгерістер мен жасырын үдерістер және ДАИШ-тің тәкфірлік әрекеттері қазіргі кезде Таяу Шығыстың сезімтал кезеңді бастан өткеріп жақанын көрсетеді. Ислам әлемінің осы сезімтал кезеңдегі дұрыс әрекеттері аймақтың болашақ жағдайына әсер ететін болады. Исламдық ояну ағымы және қарсыласу өзегі Ислам дұшпандарының қол-аяғын байлап, олардың көптеген сепаристік жобаларын бейтараптандырғанымен, бұл қастандықтарға немқұрайдылықпен қарауға болмайды.

Трамптың осы мәселеде алға шығуы әлемдік сионизмнің Таяу Шығыстың болашағы мен Палестина және Құдс жерлерінің исламдық болмысын өзгертуге деген ерекше ықыласын аңғартады. Себебі, Палестина қазіргі кезде мұсылмандардың Таяу Шығыстағы болмысының маңызды бір құрамдас бөлігі болып отыр, ал Құдс оның орталығы. Сол себепті Құдс мәселесі діни және саяси мәселе болудан бұрын, мұсылмандардың болмысына қатысты мәселе болып отыр.

Америкалықтар Таяу Шығыстағы үстемдігі мен ықпалын сақтап қалу үшін  Израильдің қазіргі Таяу Шығыстың картасындағы орнын нығайтуы керек екенін біледі және осы мақсатқа жету үшін еш нәрседен аянбайды.

АҚШ-тың Чикаго университетінің ұстазы әрі «агрессивті реализм» теориясының негізін қалаушы Джон Миршаймер желтоқсан айының он бірі күні Теһран университетінде  АҚШ-тың қазіргі үкіметі және оның жуырдағы іс-әрекеттері туралы жасаған баяндамасында: «АҚШ президенті Дональд Трамптың Бейт ул-Мұқаддасты Израиль режимінің астанасы ретінде жариялау шешімі АҚШ-тың ішіндегі әсірешілдердің қысымымен қабылданған орны толмас қателік болды. Трамптың шешімі мен АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа көшіру туралы хабардың жариялануы АҚШ-тың сыртқы саясатының үлкен қателіктерінің бірі. Сол себепті АҚШ үкіметіне сенуге болмайды» деді.

Қазір аймақ ауызша айыптаудан басқа әрекеттерді қажет етеді. Халықаралық ұйымдар мен ассамблеялар және  Исламдық ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс отырысында осы қастандықты жан-жақты талдап, АҚШ-тың Құдсқа қатысты шешімінің мұсылмандардың құқығын бұзушылық екенін халықтарға жеткізу керек.

Jan 03, 2018 01:32 Asia/Almaty
Сараптама