• Ислам Революциясы жетекшісінің Батыс жастарына арнаған екінші хатын сараптау

Бұл бағдарламада Батыста қатыгездіктің орын алуына себеп болған алғышарттарға тоқталамыз.


Иран Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Батыс жастарына арнаған өзінің екінші хатында маңызды жайттарға тоқталды. Ол Париждегі лаңкестік оқиға мен бейкүнә адамдардың қаза болуына өкініш білдіріп, батыстық жастарды Батыстағы қатыгездік әрекеттерінің түп-тамырларын саралауға шақырды.

Иранның діни жетекшісінің екінші хатында келтірілген маңызды жайттардың бірі – еуропалық жастардың лаңкестік топтарға, әсіресе ИСИМ-ге тартылуының себептеріне назар аудару болды. Ол өз хатында мынадай маңызды сауал қойды: «Сонымен қатар мынадай бір сауал туындайды: Еуропада дүниеге келіп, сол ортада рухани ой-сана тұрғысынан тәрбиеленген адамдар неліктен осындай топтарға тартылады? Адамдар соғыс аймақтарына бір-екі барғаннан кейін, кенеттен өз отандастарына оқ жаудыратындай соншалықты әсірешіл бола қалады дегенге қалай сенуге болады? Өмір бойы ластанған ортадағы мәдени азықпен қоректенудің салдарынан қатігездіктің туатынын естен шығармауымыз керек. Бұған қатысты жан-жақты талдау жасалуы тиіс. Бұл зерттеуде қоғамдағы ашық та жасырын ластайтын дүниелер анықталуы тиіс. Өнеркәсіп пен экономиканың гүлденген жылдары Батыс қоғамының әртүрлі әлеуметтік топтарында теңсіздіктер мен заңдық және құрылымдық теңсіздіктер салдарынан пайда болған терең жеккөрушілік сезімі арагідік ауру түрінде осылайша көрініс беретін өзін кем санау сезімін тудыруы мүмкін».

Бүгінде батыс қоғамдары бетпе-бет келіп отырған қатыгездік әрекеттердің басты алғышарты осы қоғамдардағы тарихы тереңге кететін кемсітушілік пен теңсіздік болып табылады. Кемсітушілік пен теңсіздік – қоғамның құрылымы мен болмысынан туындайтын мәселелер. Атақты әлеуметтанушы әрі саясаттанушы Стейн Роккан осы алшақтықтың тамыры Батыс Еуропа соңғы бес ғасырда куә болған тарихи әрі маңызды оқиғалардан, соның ішінде 15-16 ғасырлардағы реформа кезеңіндегі ұлттық революция мен 18 ғасырдағы Өнеркәсіптік революциядан бастау алатынын айтады. Рокканның пікірінше, ұлттық революциядан кейін пайда болған алшақтық, мәдени және болмыстық, сондай-ақ, Өнеркәсіптік революция салдарынан пайда боғлан алшақтық түптеп келгенде экономикалық және қоғамдық сипатқа ие.

18 ғасырда Батыста Өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін адамзаттың өмірі іс жүзінде жаңа кезеңге аяқ басты. Өнеркәсіптік революция өндіріс тәсілдерінің көбеюіне және технологиялық-өнеркәсіптік зауыттардан шыққан жаңа тауарлардың қоғамға ұсынылуына себеп болды. Сол себепті Өнеркәсіптік революцияның нәтижесінде батыстық қоғамдарда жаңа саяси-қоғамдық қатынастар мен байланыстардың түрлері пайда болды. Шын мәнінде, Өнеркәсіптік революция экономика саласында орын алғанымен, оның әсерлері адамзат өмірінің түрлі салаларында, соның ішінде саясат, мәдениет пен қоғамтануда көрініс тапты.

19-шы ғасырдың алғашқы жылдары Британия Канададағы отаршылдығын кеңейткеннен кейін, Аустралия, Оңтүстік Африка мен Жаңа Зеландияда жаңа отар елдерді құруға жақын қалған еді. 19-шы ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіп пен капитализм дамығаннан кейін халықаралық отаршылық бәсекелестік пен текетірестер тағы да өрістеді. Нәтижесінде Францияның ықпалы Солтүстік Африкаға дейін жайылып, бұл үкімет Солтүстік Африканың көп бөлігін басып алды. Франциядан кейін Испания мен Италия да өз ықпалын сол жерлерге дейін кеңейтті. Германия 19-шы ғасырдың аяғында отаршылық текетірестерге аяқ басты. Тынық мұхиты төңірегіндегі текетірес, соңғы оқиғалармен бір мезгілде орын алған Қытайда сауда базаларының құрылуы Америка Құрама Штаттарын отарлық күрестер сахнасындағы жаңа отаршыл үкімет ретінде қалыптастырды.

Хазірет аятолла Хаменеи өз сөзінің бірінде бұл жайлы былай деді: «Адамзатқа қарсы жасалған ең үлкен қылмыстардың бірі Өнеркәсіптік революция кезінде осы 2-3 ғасырда әлемде ғылымның күш көрсету құралына айналуы болды. Өнеркәсіптік революцияны ілгерілетуші елдердің бірі болған Ұлыбритания осы мүмкіндікті әлемнің жер-жеріне аяқ басып, халықтарды өз отарына айналдыру үшін пайдаланды. Ұлыбританиялықтардың осы субконтинетте билік еткен кезде осындай үлкен әрі бай сахнада не болғанын білесіздер ме? Тек субконтинент қана емес, Азияның шығысындағы бүкіл аймақ көптеген жылдар бойы бір ғасырдан аса уақыт бойы осылардың аяқтарының астында қалды. Олар қолдарында болған ғылым құралымен халықтарға үстемдік етті. Халықтар естерін жиғаннан кейін қандай адамдардың өмірден кеткенін, қандай армандардың жойылғанын, қандай халықтардың артта қалғанын, қай елдердің қиратылғанын көрді. Үстемшілдер ғылымды құрал ретінде қолданды. Бұл ғылымға қарсы ең ауыр қылмыс, сондай-ақ, адамзатқа қарсы үлкен қылмыс саналады. Олар бұл монополияның жойылмауын қалайды. Олардың билігіне бағынбай, олардың рұқсатынсыз, өз тәуелсіздіктерін алып өз қолдары өз ауыздарына жеткен әрбір халық бұл қоршауға соққы береді. Қуанышқа орай, бүгінде Иранда осындай жағдай орын алып отыр».

Халықтар арасында адамға қатысты кемсітушілік пен әділетсіздіктің тарихы терең болғанымен нәсілдік кемсітушілік пен бір нәсілдің басқа нәсілден артық саналуы Батыстың отаршылдық саясатынан қалған. Еуропадағы Ренессанс дәуірінің көрсеткіштерінің бірі болған байлық жинаудың осы аядағы рөлі маңызды. Географиялық ашулар мен 18-ші ғасырда шарықтау шегіне жеткен құл саудасы Еуропаны байытты. Кейбір деректер бойынша, сол кезде құл ретінде сатылғандардың саны 30-50 миллион адамды құраған. Африкалық жазушылардың бірі былай деп жазады: «Ғасырлар бойы біздің тарихымыздың маңызды оқиғаларының бірі құл саудасы болды. Нәсілшілдік соның тікелей салдары болып табылады».

Франтес Фанон өзінің «Нәсілшілдік және мәдениет» атты еңбегінде мынадай пікір айтады: «Батыс отаршылдығы өзінің техникалық артықшылығына сүйеніп әлемде билік етеді. Отаршыл жетекшілер мықтырақ өркениетке ие болғандықтан олардың нәсілдері де артығырақ деген пікірде болған. Төмен нәсілді кемсіту мен адамды қорлау және оның тұлғасы мен адамгершілік абыройын кемсітудің арасы бір-ақ қадам. Батыс жергілікті тұрғынның болмысынан айыруды көздеді. Тіпті оның тарихын тәркілеп, жергілікті тұрғынды ешқандай болмысқа ие болмағанына сендіру үшін жаңа тарих жазды».

Бірақ Еуропа мен АҚШ-тың бүгінгі жағдайы адам құқығы мен демократия атын жамылған осы елдердің тарих бойында әйелдер мен қара нәсілділерге, мұсылмандар мен мигранттарға қарсы көрсеткен кемсітушілік пен теңсіздіктен тазармағанын көрсетеді. Бұл кемсітушіліктер осы қоғамдарда нәсілшілдіктің күннен күнге арта түсуіне, сондай-ақ, нәсілшіл экстремистердің арналарын нығайту және оны бағдарлау үшін кеңістіктің туындауына себеп болды.

Бүгінде Еуропа мен АҚШ-та кемсітушілік пен діни және нәсілдік фанатизм өрістеп келеді. Бұл мәселе әлемнің саяси және қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндірді. Экстремистік ксенофобия мен кемсітушіліктің үдемелі түрде артуы Еуропа мен АҚШ-қа фанатизм мен жеккөрушілік қатерін төндірді. Еуропада мәсихилік оңшыл радикализм қайта жандануда. Бұл мәселе осы құрлықтың қоғамдық жүйесін шынайы түйткілге әкеп соқтырды. Оңшыл экстремизм саясаты нәсілдік кемсітушілікті қолдап отыр. Текшілдік, нативизм, нәсілшілдік пен ксенофобияны қамтыған оңшыл экстремизмнің идеологиясы фашизм, нацизм мен ультра-ұлтшылдыққа негізделген.

Мәсихилік оңшыл радикализм партиясы 1990-шы жылдардан бастап бірнеше еуропалық елдерде қалыптасып, олардың сезімдері исламизмге қарсылық, эмиграцияға қарсы фанатизм мен экономикалық қиыншылықтардың артуынан туындап, өрістеді. Осы ағымға жататын адамдар мен топтар әсірешіл келеді әрі олар белгілі бір адамдардың немесе топтардың басқа бір адамдар мен топтардан артық болуы туралы ой-пікірге ие. Олар қоғамдық теңдікті толығымен бұзады.

Жыныстық кемсітушілік те Батыстағы бұрынғы заманнан келе жатқан теңсіздіктердің бірі. Иранның діни жетекшісі Батыстың әйелдерге қарсы «азаттық» деп аталған зұлымдығына тоқталып: «Еуропалықтар жаңа өнеркәсіп ашқан күннен бастап, батыстық капиталистер үлкен зауыттар ойлап тауып, арзан, көп нәрсені күтпейтін әрі мәселе тудырмайтын күшке қажеттілік туындаған 19 ғасырдың бас кезінде «әйел азаттығы» мәселесін көтерді. Шын мәнінде бұл мәселені әйелдерді отбасыларынан шығарып, зауыттарға қарай тарту, оларды арзан күш ретінде қолдану арқылы өз қалталарын толтырып, әйелдердің ар-абыройы мен беделін түсіру үшін көтерді» деді.

Шындық – көптеген еуропалық елдерде әйелдердің жалақылары ер адамдардікіне қарағанда аз болуында. Еуропа одағына қатысты статистика көрсеткендей, Еуропаның жер-жерінде әйелдер мен ер адамдардың және олардың жалақыларындағы гендерлік алшақтық 18 пайызды құрайды. Еуропа одағы шеңберінде жарияланған статистикаға сәйкес, баласы жоқ әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі 75 пайызды, балалары бар әйелдер үшін 54 пайызды құрайды. Ал баласы жоқ ерлер үшін бұл көрсеткіш 80 пайыз болса, балалары бар ерлер үшін 85 пайызды құрайды.

Сонымен қатар қолда бар мәлімет бойынша, қазіргі кезде жоғарғы лауазымдарға ие әйелдердің саны өте аз. Әйелдердің заң шығару органдары мен парламенттердегі әріптестік деңгейіне келетін болсақ, Еуропа елдерінің ұлттық заң шығару органдарында орта есеппен алғанда төрт мүшенің біреуі әйел адам болып келеді. Орта есеппен алғанда ұлттық заң шығарушы органдардың мүшелерінің 24 пайызын әйел адамдар құрайды.

Кемсітушілік пен теңсіздіктердің түрлерінің бірі – нәсілдік кемсітушілік. Еуропа мен АҚШ-тағы полиция күштерінің қара нәсілділерге қарсы қатыгездік саясаттарына нарызылықтар шын мәнінде, осы елдерде түрлі салалардағы қара нәсілділерге қарсы көрсетілетін кемсітушілік пен әділетсіздіктерге қарсы наразылық болып табылады.

Батыс елдеріндегі, әсіресе, АҚШ-тағы қара нәсілділерге қарсы кемсітушілік адамдардың терісінің түсіне байланысты болып келеді. Ақ нәсілді болу өзінен-өзі мүмкіндіктерді мейлінше пайдаланудың факторы болып табылады, ал қара немесе қызыл нәсілді болу кедейшілік пен мүмкіндіктерден мақұрым болу үшін негізсіз дәлел саналады. Батыстық ақпарат құралдарының басқа нәсілдерден, әсіресе, қара нәсілдерден ұсынатын жағымсыз бейне әрдайым олардың қызметке орналасуы кезінде көптеген қиындықтардың туындауына себеп болады. Қара нәсілділер әдетте көптеген қиыншылықтармен, соның ішінде, төмен жалақы, кедейшілік, білім алудан мақұрым қалу, зорлық-зомбылық, жөнсіз қамауға алынумен бетпе-бет келіп, полиция күштері тарапынан көрсетілетін қатыгездік әрекеттермен күреседі.  

Тегтер

Feb 24, 2016 16:29 Asia/Almaty
Сараптама