Dec 22, 2016 18:26 Asia/Almaty
  • Тәубә сүресі, 298-ші бөлім, 95-99 аяттар

Тәубә сүресі, 298-ші бөлім, 95-99 аяттар

"Тәубә" сүресінің 95-ші аяты:

سَیَحْلِفُونَ بِاللَّهِ لَکُمْ إِذَا انْقَلَبْتُمْ إِلَیْهِمْ لِتُعْرِضُوا عَنْهُمْ فَأَعْرِضُوا عَنْهُمْ إِنَّهُمْ رِجْسٌ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ جَزَاءً بِمَا کَانُوا یَکْسِبُونَ ﴿

٩٥﴾"Қашан олардың жанына қайта оралсаңдар, оларды айыптаудан бет бұруларың үшін А...-ның атымен ант ішеді. Онда олардан бой тартыңдар. Өйткені олар арам істегендерінің жазасы түрінде олардың орны тозақ. (95)

"Пайғамбар (с) мен мұсылмандар Мәдинаға оралғанда Тәбук соғысына қатысудан бас тартып, Мәдинада қалған мұнафықтар олардың қасына келіп, түрлі сылтаулар айтып, өтірік ант берумен өздерінің күнәларын кешіруді сұрайды. Сонда А... тағала олардың өздеріне мән бермей, байкот жариялауды бұйырады. Сондықтан пайғамбар (с) халыққа соғыстан қашқандармен араласпауды және оларға немқұрайлы болуды тапсырды. Аяттың жалғасы А... тағаланың осы дүниедегі қаһарының себебі – олардың ниеттерінің жамандығы мен жағымсыз қылықтары деп біліп: "Олардың қияметтегі жазасы да тозақтың оты",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, кез-келген антқа сене бермейік. Өйткені мұнафықтар мұсылмандарды алдау үшін осы тәсілді қолданады.Екіншіден, бұзылған адамдар мен ортадан алшақ ұстанып, олармен байланысты үзейік. Өйткені екіжүзділік жұқпалы ауру тәрізді болғандықтан, өзімізді одан аулақ ұстайық.

"Тәубә" сүресінің 96-шы аяты:

یَحْلِفُونَ لَکُمْ لِتَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنْ تَرْضَوْا عَنْهُمْ فَإِنَّ اللَّهَ لا یَرْضَى عَنِ الْقَوْمِ الْفَاسِقِینَ ﴿٩٦

﴾"Олар сендердің өздерінен қош болуларың үшін ант-су ішеді. Егер сендер олардан қош болсаңдар да, расында А... бұзық елден разы болмайды. (96)

"Мұнафықтар мұсылмандардың көңілін риза қылуды ойламағандары анық. Өйткені олар қоғамдағы өздерінің әлеуметтік жағдайын сақтап, мұсылмандардың ашуынан аман болу үшін ғана олармен байланыс жасады. Қасиетті Ислам пайғамбары (с) өз рауаяттарының бірінде былай дейді: "Кімде-кім А...-ның ризалығын қаласа, ол халықтың ашуын тудыратын іс істесе де, А... тағала халықты одан риза болатындай қылады. Ал кімде-кім халықтың ризалығын көздесе, ол А...-ны ашуландыратын іс істесе де, А... тағала халық одан наразы және ашулы болатындай етеді". Иә, мұнафық тек жұрттың ризалығын ойлайды, ал мүмін үшін А...-ның ризалығы маңызды болып табылады. Ол халықтың ризалығын одан бөлек санайды. Бұл аяттан үйренетініміз:Біріншіден, мұнафық – А...-ны қуанту ізінде емес, қайта халықты алдап, оларды риза қылуды көздейді.Екіншіден, адам жүрегі және тілімен күнәһар және пасық кісілерге қуаныш пен ризалық білдірмеуі тиіс.

"Тәубә" сүресінің 97-ші аяты:

الأعْرَابُ أَشَدُّ کُفْرًا وَنِفَاقًا وَأَجْدَرُ أَلا یَعْلَمُوا حُدُودَ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ وَاللَّهُ عَلِیمٌ حَکِیمٌ ﴿

٩٧﴾"Бәдәуилер, қарсылық және екіжүзділік тұрғысынан қаттырақ. Сондай-ақ олар А...-ның елшісіне түсіргендерінің шегін білмеулеріне аса бейім. А... толық білуші, аса дана. (97)

"Пайғамбар (с) заманындағы халық - қала тұрғындары мен дала жұрты болып екі топқа бөлінетін. Өткен аяттар қалалық және Мәдинада тұратын мұнафықтар жайлы болды. Осы және одан кейінгі екі аят далада тұратын мұнафықтардың қаупіне меңзеп, былай дейді: "Олардан қапы қалмаңдар. Исламдық әдеп пен мәдениеттен бейхабар болғандықтан, олардың діннен түсінігі аз. Сондықтан дұшпанның азғыруымен фитна жасауы мүмкін". Тағы бір айта кететін жайт, "ағраби" – дала тұрғыны деген мағынаны білдіреді. Бірақ исламдық рауаяттарда мұның мағынасы кең және бір өлкеге ғана қатысты қолданылмайды, кейде діннен түсінігі аз адамға да айтылады. Осы аяттан үйренетініміз:Біріншіден, исламдық мәдениет пен сенім-нанымдардан алыс және илаһи үкімдерден хабары жоқ орталарда өмір сүру күпірлік пен екіжүзділікке себеп болады.Екіншіден, Құранның көзқарасы бойынша, исламдық салт-дәстүрлерден бас тартып, жәһилият дәстүрлеріне оралғандар дала тұрғыны болып есептеледі.

"Тәубә" сүресінің 98-99 аяттары:

وَمِنَ الأعْرَابِ مَنْ یَتَّخِذُ مَا یُنْفِقُ مَغْرَمًا وَیَتَرَبَّصُ بِکُمُ الدَّوَائِرَ عَلَیْهِمْ دَائِرَةُ السَّوْءِ وَاللَّهُ سَمِیعٌ عَلِیمٌ ﴿٩٨﴾ وَمِنَ الأعْرَابِ مَنْ یُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْیَوْمِ الآخِرِ وَیَتَّخِذُ مَا یُنْفِقُ قُرُبَاتٍ عِنْدَ اللَّهِ وَصَلَوَاتِ الرَّسُولِ أَلا إِنَّهَا قُرْبَةٌ لَهُمْ سَیُدْخِلُهُمُ اللَّهُ فِی رَحْمَتِهِ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِیمٌ ﴿٩٩﴾

"Бәдәуилерден, А... жолында бергенін зиян есебіне алатын кісілер бар. Сендерге жаман дәуірлер күтеді. Дәуірлердің жаманы өздеріне болсын. А... толық естуші, анық білуші. (98) Және бәдәуилерден А...-ға, ақырет күніне сенетін, қаражат қылғандарын А... қасында жақындық сондай-ақ пайғамбардың ізгі тілектеріне сай деп есептейтін кісі де бар. Сақ болыңдар! Бұл шынайы бір жақындық. А... оларды мәрхаметіне бөлейді. Расында А... аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (99)

"Осы екі аят кедей-кепшіктерге садақа беру мәселесіндегі екі түрлі көзқарасты баяндап, былай дейді: "Исламдық мәдениеттен түсінігі аз адамдар садақаны өздеріне зиян деп санап, оны алатын жандарға дұға оқудың орнына, оларды қарғайды. Бірақ исламдық мәдениетпен таныс және қияметке иман келтірген адамдар А...-ның жолында жұмсаған нәрсесін қияметте оның пайдасы мен сауабын көретін, А...-ның қасында жинаған байлық деп біледі. Олардың дүниедегі істеріне пайғамбар (с) риза болып, оларға дұға оқиды. Ал бұл, осы дүние мен ақыретте А...-ның қуанышына себеп болады". Осы аяттардан үйренетініміз:Біріншіден, мұнафық садақаны зиян деп санайды. Өйткені жүрегінде А... мен қиямет күніне сенбейді.Екіншіден, мұнафық басқаларға жамандық тілеп, мақсатына жете алмай сол жамандыққа өзі ұшырайды.Үшіншіден, адамның А...-ға жақындауына тек амал ғана емес, таза және илаһи ниет жағдай жасайды. Мүмін де, мұнафық та садақа береді. Бірақ мүміннің садақасы ғана қабыл болады.

Сараптама